Салықты тексерудің қолайлы әдісі

0 50

Салықты уақытылы төлеп отыру – әр азаматтың міндеті. Өз уақытында төленбеген салық күн өте келе еселеніп кететінін айтпаған күннің өзінде, төленбей қалған салық (20 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса) азаматтардың ел шекарасынан шығуына да белгілі дәрежеде қиындық әкелуі мүмкін. Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін әр азамат өз мойнында төленбей қалған салықтың бар-жоғын үнемі тексеріп тұрғаны абзал.

«e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасының тиімділігі кез келген тұлғаға қолжетімді. Ұялы телефонға жүктеп алса болғаны, салық төлеу­шілер қанша қарызы бары туралы мәліметті ЖСН жазу арқылы білуге, артық төлемі болған жағдайда ол ақшаны оп-оңай қайтарып алуға, мүлік, жер және көлік құралдары бойынша мәліметтерді тексеруге, егер дұрыс емес ақпараттар болған жағдайда бірден түзетуге мүмкіндік береді.
«e-Salyq Azamat» («App Store» және «Play Market») мобильдік қосымшасы салық әмияны, жиі қойылатын сұрақтар, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы және т. б. салық төлеушіге өте қажет қызмет түрлері жұмыс істейді. 2021 жылдан бастап салық әмиянында қызметкердің еңбекақысы туралы мәліметтерді көруге мүмкіндік беретін қызмет іске қосылды. Бұл қосымша арқылы жалпыға бірдей декларация 250 нысанды да өте тез арада тапсыруға мүмкіндік бар.
– Аталмыш мобильдік қосымшасын іске қосудағы мақсат – азаматтардың төленбей қалған салығы бар-жоғын тексеріп, уақытында төлеуіне тиімділік жасау. Биылдан бастап қызметкердің еңбекақысы туралы мәліметтерді де көруге болады. Ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарауына мүмкіндік береді. Қазірге дейін бұл қосымшаны 228,5 мың адам пайдаланып, салық әмиянды 49,5 млн теңге сомасында 10645 қолданушы толтырды, 8,1 млн теңгеге 2242 автоматты түрде қайтару жасалды, 5,3 мың пайдаланушы 342,8 млн теңге сомасында артық төлемдерді есепке алу немесе қайтару қызметін пайдаланды. Түзету қызметі бойынша көлік құралдарында 8884 салық төлеуші, жылжымайтын мүлік бойынша 224 салық төлеуші, жер бойынша 506 салық төлеуші деректерді түзетуге өтініш берді, – деді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Олжас Отар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =