Салық органдарында әкімшілік қаулыларына шағымдану тәртібі

0 116

Қазақстан Республикасының салық заңнама­сында салық төлеушінің салық міндеттемелерін белгіленген мерзімде және толық көлемде тиі­сінше орындау міндеттері белгіленген.

Қазақстан Республикасының әкімшілік заңна­масы­на сәйкес салық төлеуші әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы іс бойынша қаулыға шағым беруге құқылы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым беру – бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулының күшін толық көлемде немесе ішінара жою туралы талап.
Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл ҚР заңна­маларымен белгіленген нормаларын бұзуға бағыт­талған ҚР аумағында жасалған, басталған немесе жалғасқан іс-әрекет.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымды әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарылған тұлғамен немесе оның заңды өкілдерімен берілуі мүмкін.
Салық қызметі органдары заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымды қарауға құқылы.
Заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы іс бойынша қаулыға шағым беру үшін шағымды 2 данада келесі құжаттарды тіркей отырып беру керек:
– Салық органымен шағырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы;
– Дәлел ретінде келтірілген құжаттар;
– Заңды немесе өзге өкілдердің (басқа тұлғаның пайдасына құзыретін растайтын құжат).
Шағымда келесі мәліметтерді көрсетілуі тиіс:
– Шағым беріліп отырған органның (лауазымды тұлғаның) атауы;
– Наразылық берушінің аты-жөні, тұрғылықты жері (жеке тұлғамен берілген жағдайда);
– Заңды тұлғаның дәл және толық атауы, орна­лас­қан жері (заңды тұлғамен берілген жағдайда);
– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым беріліп отырған органның немесе мекеменің атауы не лауазымды адамның тегі мен лауазымы;
– Шағым беріліп отырған құқықтық актінің мазмұны, сондай-ақ шағым беруші құқықтық акт өзінің құқықтары мен бостандықтарын бұзды деп есептейтін себептер.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым беру мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті салық органына белгіленген мерзімді өткізіп алу себебін дәлелдеп және оған қоса құжаттарды тіркей отырып еркін түрде өтініш жазылады.
Салық органымен шығарылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым жоғары тұрған салық органымен (лауазымды тұлғамен) қаралады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға жоғары тұрған органға немесе маман­дан­дырылған аудандық және оған теңес­ті­рілген әкімшілік сотқа шағым берілуі мүмкін.
Шағым сотқа және салық органына бір мезгілде берілген жағдайда, шағымды сот қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымды қарауға әзірлеу нәтижесі бойынша шағымды берген тұлғаға шағымды қарау күні мен уақыты туралы хабарлама немесе шағымды қараудан бас тарту жіберіледі.
Шағымды қарау күні мен уақыты туралы хабарлама шағымды және оған қосымша тіркелген құжаттарды қарауға қабылдаған жағдайда жі­беріледі.
Шағымды қараудан бас тарту келесі жағдай­даларда жіберіледі:
– Дәлелді себептерсіз шағым берудің белгі­ленген мерзімін өткізіп алғанда;
– Шағымды қарау үшін қажет құжаттардың толық болмағанда;
– Шағымның мазмұнына қойылатын талаптар сақталмағанда;
– Шағымға қол қоюға уәкілетті емес тұлғамен шағым берілгенде.
Хабарламаны алғаннан кейін шағым берген тұлғаға шағымның қаралуына қатысу үшін салық қызметі органына көрсетілген күнімен уақытында келуі қажет.
Белгіленген мерзім мен уақытта шағымды қарау үшін шағым берген тұлға келмеген жағдайда, салық қызметі органы шағым берген тұлғаның және оның өкілінің қатысуысыз шағымды қарап, шешім шығаруға құқылы.
Шағымның қаралуы шақырылған тұлғалардың келмеуі себебінен, іс бойынша қосымша материалдар сұрап алу қажеттігіне байланысты, сараптама тағайындағанда, шағымды жан-жақты және толық қарау мақсатында қажет болған жағдайда кейінге қалдырылуы мүмкін.
Салық органы шығарылған қаулының заңды­лығын және дәлелділігін тексеру мен шағымды және оған тіркелген қосымша құжаттарды қарау нәтижелері бойынша:
– қаулыны өзгертпей, ал шағымды қанағаттан­дырмай қалдыру туралы;
– қаулыны өзгерту туралы;
– ҚР әкімшілік заңнамаларында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шыға­рыл­ғанда негізге алынған мән-жайлар дәлел­ден­беген кезде қаулының күшін жою және істі қысқарту туралы;
– іс бойынша қаулының күшін жойып, жаңа қаулы шығару туралы;
– қаулының күшін жойып, істі ведомстволық ба­ғыныстылығы бойынша қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Шағымның қаралу нәтижесі бойынша шешім іс бойынша қаулыға шағым бойынша ұйғарым түрінде шығарылады.
Егер шағым берген тұлға салық органының шыға­рылған шешімімен қанағаттанбаған жағ­дайда, сотқа жүгінуі мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бо­йынша қаулыға шағым, қаулы көшірмесін алған күннен бас-тап он күн ішінде берілуі мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, ол келіп түскен күннен бастап он күн мерзімде қаралады.

Т. Давлет, Астана қаласы бойынша салық департаменті Заң басқармасының басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 6 =