«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Салық есептілігін электронды түрде тапсырудың негізгі басым тұстары

0 369

Ақпараттық технологиялардың дамуы, интернет мүмкіндіктерін пайдаланудың кеңеюі ұсынылатын электронды қызметтердің, соның ішінде салық саласындағы қызметтердің де арнасын үнемі кеңейтіп отыруға ықпал жасауда. Бұл, ең алдымен, салық есептілігін өңдеу жүйесінің (СОНО) енгізілуімен, «Электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталының, Web-қосымшасына «Салық төлеуші кабинеті» жұмыс істеуімен байланысты.

Мыңдаған салық төлеушілер декларацияларды қағаз түрінде тапсырудың дәстүрлі формасынан бас тартып, «электронды» салық төлеушілер қатарына өтіп, қазіргі ақпараттық технологиялардың сөзсіз басымдықтары барына көз жеткізіп үлгірді. Осыған орай барлық салық төлеушілерді электронды жолға өтуге асығуға шақырамыз.

Виртуалды «Салық төлеуші кабинеті» арқылы Интернет көмегімен декларацияларды электронды түрде тапсырудың оң тұстары айқын. Ең алдымен, бұл – салық органына келмей-ақ декларацияларды компьютер арқылы тәуліктің кез келген уақытында, тіпті демалыс күндері мен мереке күндерінде де тапсыру мүмкіндігі, құжаттардың дұрыстығына кепіл болу, салық бланкілерінің жылдам жаңғыртылуы, қағаз жеткізгіште көшірме жасап, оны сақтаудың қажет еместігі, қағаз күйіндегі есептілікті сақтап, архив жасау қажеттігінің болмауы, бланкілерді сатып алуға қаражат шығындамау.

Былайша айтқанда, «электронды» салық төлеушілер салық органының жұмыс режиміне тәуелді емес. Интернетке шыға алатын әр салық төлеуші ҚР ҚМ Салық комитетінің порталында рұқсат берілмеген қол сұғудан қорғалған жеке бөлім аша алады.

Сіз интернет арқылы өз виртуалды кабинетіңізге қосы­лып,­ кейін салық органында өңделу үшін салық есептілігі нысан­дарын электронды түрде толтырып тапсырасыз. «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасы интернетті ғана қолдана отырып, салық төлеушіге ыңғайлы кез келген жер­ден көптеген қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді, дәлірек айтсақ:

салық есептілігі нысандарын дайындау мен тапсыру;

хабарламалар алу;

өңдеу сатыларын қарап шығу;

бұрын тапсырылған салық есептілігі нысандарын іздеу мен қарап шығу;

салықтар, басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айып­пұл­дарды есепке алу мен қайтару туралы салықтық өтініш беру;

салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы және (немесе) болуына қатысты ақпарат алу туралы салықтық өтініш беру;

салық төлеушінің таратылуына байланысты құжаттық тексеріс жүргізу туралы салықтық өтініш беру;

салықтық тексеріс нәтижелеріне шағым беру режимі (берілген шағымның қаралу сатыларын бақылау);

мүлік салығы мен жер салығының сомалары туралы хабарламалар;

тіркелген салық салу объектілері туралы ақпарат алу;

камералды бақылау нәтижелері туралы хабарламалар;

электронды құжаттар түріндегі салық есептілігі нысан­дарының импорт/экспорты;

жеке тіркеу мәліметтерін қарап шығу;

дербес шоттарды қарап шығу, салыстыру актілерін алу, дербес шоттан көшіріп алу;

Кеден одағы шеңберіндегі салық есептілігін тапсыру (320, 328);

алкоголь өнімдерін жіберу бойынша ілеспе жүкқұжат­тарды есепе алу және т.б.

«Салық төлеуші кабинетінде» жұмыс істеу үшін крип­то­гра­фия­лық кілт керек, ол ҚР ҚМ Салық комитетінің куәлан­ды­рушы орталығымен беріледі. «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасына www.cabinet.salyk.kz мекен-жайы бойынша кіруге болады, «Салық төлеуші кабинеті» интер­фей­сінің ыңғайлы көмек көрсету жүйесі бар, онда қызметтерді қол­данудың мәтін форматында да, бейнеформатта да анық көрсетілген нұсқаулығы бар.

Дәл осылайша салық есептілігі нысандарын тапсыру бойынша қызмет көрсететін «Салық төлеуші терминалдары» әр аудандық салықтық басқармада жұмыс істейді. Сұрақтар пайда болған жағдайда, салық инспекторлары кеңес беріп, көмек көрсетеді. Әрі бұл қызметтер тегін көрсетіледі, бұл да аса маңызды тұстардың бірі. Аталған айқын басымдықтардың сыртында салық төлеушілер салық есептілігінің қабылдануы мен өңделуі туралы ақпаратты, яғни электронды поштамен жіберілген хаттың жеткізілуі туралы хабарлама алады. Хабарламада салық есептілігінің тапсырылу және өңделу күні, салық төлеушінің дербес шотына түсетін автоматты есептемелер туралы ақпарат, оның сомасы, бюджеттік топтастырылу коды жазылады.

Есептілікті электронды жолмен жіберетін ақпараттық жүйе ақпараттың заңсыз қол сұғудан қорғалуына, жеткізілуіне және жеткізілген мәліметтердің өзгертілмейтіндігіне кепіл болатыны да маңызды жайт болып табылады. Электронды қызметтерді пайдалана отырып, Сіз өзіңізді салық басқар­ма­сына қосымша барудан арылтасыз әрі біраз уақытты үнемдеп, сервистермен жұмыс істеу дағдыларына ие боласыз.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды