©2020 Астана Ақшамы
САЛИҚАЛЫ ОЙЛАР ОРТАҒА САЛЫНДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар» деген болатын.
Осыған орай, кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының қолдауымен осы оқу ордасындағы Журналистика және саясаттану факультетінде «Қалыптасқан мемлекеттің әлеуметтік саясаты: үрдістері мен даму болашағы. Қазақстан-2050» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған Ресейден саясаттанушы Юрий Солозобов, профессор Виктор Бруштунов, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының талдау, болжау және әлеуметтік бастамалар орталығының жетекшісі Қазбек Қазкенов, алаштанушы-ғалым Қайрат Сақ секілді ғалымдар қатысты.
Олжас БӘДІРҰЛЫ