Салғырттыққа жол бермейік

0 57

Нұр-Сұлтан қаласында «Қауіпсіздік балалар көзімен» шарасы өтті. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары саябақтарда жалғыз серуендеген балғындарға ерекше үлгідегі үнпарақтар таратып, ата-аналарға салғырттыққа жол бермей, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.– 24 мамырда басталған шарамыз 1 маусымға дейін жалғасын табады. Акция барысында қызметкерлер тұрғындармен кездесіп, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған қауіпсіздік ережелерін түсіндірдік.

Балалардың көшеде жалғыз жүрмеуін қадағалауымыз керек. Апаттық жағдайларды болдырмас үшін біз осындай түсіндіру жұмыстарын жиі өткізіп тұрамыз, – деді қалалық ТЖД өрт бақылау бөлімі бастығының орынбасары Ажар Рүстемова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − 9 =