Салауат айту – сауапты іс

0 346

23 жыл. Осынша уақыт Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) адамзатқа қызмет етті. Жаратқан иеміздің дінін сабырлылықпен насихаттап, асқан ықыласымен жеткізді. Өмірінің соңына дейін «үмбетім» деп дұға еткен адамзаттың асыл тәжі соңынан ерген қауымының күнәсіне кешірім тіледі. Үмбетінің ненің харам, ненің халал екенін ажыратып алуына жәрдем беріп, Жаратушыға деген шүкіршіліктің қандай болатындығының кемел үлгісін көрсетті. Үмбетінің дәрежесін көтерді. Сондықтан да, Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мыңдаған салауаттар айту арқылы шүкіршілігімізді білдіруге қарызбыз.

Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аты аталғанда (Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд деп немесе басқа да түрлерімен) салауат айтудың маңызды екенін ескерткен бірқатар хадистер бар. Мәселен төмендегі мына хадистерде Алла ел­ші­сі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Атым аталған кезде маған салауат айтпаған кі­сі­нің­ мұрны жерге сүрінсін» деп салауат айт­паған адамның қор болатынын қатаң түр­де ес­кертсе, (Тирмизи, Даут 110) тағы бір хадисте: «Қиямет күні маған адамдардың ең жақыны, маған көп салауат айтқандары» деген (Тирмизи, намаз 327).

Адамзаттың мақтанышы Мұхаммедке (с.ғ.с.)­ арнап салауат айтып, сәлем жол­дау­дың­ ­сауабы өте мол. Салауат айтқан адамның оның шапағатына бөленетіні жайлы Әбу Дәр­да (р.а.) жеткізген бір хадис-шәріпте Пай­ғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдаса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді» деген.

Әнәс ибн Мәликтен (р.а) жеткізілген мы­на­ бір хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мінбердің бірінші бас­пал­да­ғына шығарда «әмин» деді. Екінші бас­палдаққа шығарда тағы «әмин» деді. Үшін­ші баспалдаққа шығар кезде де «әмин» де­ді­ де, мінбердің ең жоғары жағына шығып отыр­ды. Сол кезде Муаз ибн Жәбәл (р.а.) «Уа Расулуллаһ! Мінберге шығарда неге үш рет­ «әмин» дедіңіз» деп сұрады. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мінберге шығарда Жәбірейіл періште жаныма келді де, Уа, Мұхаммед, кімде-кім Рамазан айына же­тіп,­ сол айдың құрметі үшін кешірімге ие­­ бо­ла­ алмай өмірден өтіп тозаққа кетсе, Ал­ла­ оны­ мейірімінен алыстасын» деді. Сол­ кез­де­ мен «әмин» дедім. «Кімде-кім ата­-ана­сы­ның­ қартайған шағында олармен жақ­­сы­ мә­міл­е­­­­­де­ болмай, қайтқанда тозаққа кет­се,­ Алла оны мейірімінен алыстасын» де­ді.­ Мен де «әмин» дедім. Кімде-кім сенің есі­м­ің­ аталған кезде салауат айтпай, қайтыс бол­­ғанда тозаққа кетсе, Алла рахметі мен ме­й­­і­­рі­­м­­і­нен­ алыс болсын» деді. Мен тағы да «әмин» дедім» деп жауап берген (Дәйлами, Мүснәдул- фирдаус, 1640; Ибн Хиббан, Әс-Сахих, 904, Али әл-Муттақи, Кәнзул-Уммал 24295).

Салауаттың өте маңызды және сауабы мол екендігін білдіретін көптеген хадистер бар. Бастысы, осынау қасиетті Мәуліт айында тегін сауаптан құр қалмай, пайғамбарымызға көп­теп салауат айтып, сәлем жолдауды есі­міз­ден­ шығармасақ болғаны.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 5 =