САЛАҚ ЖҮРГІЗУШІГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

0 111

30f671f8915ec3959762877fe2fc9bc0

Кешеден бері нөмір белгілері кірленген автокөліктердің жүргізушілері елордалық жол-патрульдік полиция инспекторларының жіті назарында болды. Осы шараның нәтижесінде Астана қаласының  ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері  техникалық реттеу жөніндегі заңнамаға қайшы келетін, оқылмайтын нөмірлерге байланысты 200-ден астам құқық бұзушыны анықтады.

Кір нөмірлі көліктерді жүргізгені үшін полиция инспекторлары 80-нен астам жүргізушіге 9260 айыппұл салынды.

Осыған орай Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасы автожүргізушілерге тіркелген мемлекеттік таңба техникалық реттеу жөніндегі заңнама талаптарына сай келмеген, күндізгі уақытта алдыңғы және артқы таңбаларының бір әрпі немесе таңбасы оқылмаған жағдайда жарамсыз болып табылатынын ескертеді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + four =