Сала жетістіктері сараланды

0 105

Кеше ОКҚ брифингіне еліміздің Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин қатысып, осы сала көрсеткіштері мен атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Тәуелсіздік алған жылымыздан бастап санасақ, осы күндерге дейін мемлекетіміздің мұнай саласына 60 млрд доллар инвес­тиция тартылса, соңғы 5 жылда 20 млрд доллар тартылған. Соңғы 20 жылда елімізде мұнай өндіру 4 есеге артып, 80 млн тоннаға дейін жетті.

Ағымдағы 8 айлық көрсеткіш бойынша мемлекетімізде 54 млн тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3 пайыз артық. Жалпы, биыл 82 млн тонна мұнай және газ конденсатын өндіру жоспарланып отыр. 2030 жылға қарай 10 ірі мұнай өндіруші елдің қатарына кіреміз бе деген болжам бар.
Елімізде жанар-жағар май сапасын «Еуро-4» және Еуро-5» деңгейіне жеткізу керек. Сол мақсатта қазірде 3 мұнай өндеу зауытын қайта құру жұмыстары жүруде.

Таңатар Төлеуғалиев

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =