«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сәкеннің «Сыр сандығы»

0 250

15 қазан – қазақтың ардақты перзенті, ақын, жазушы, қайраткер Сәкен Сейфуллиннің туған күні. Осыған орай, Астанадағы оның атындағы музейде салтанатты шара өтті.

Дүйім жұртқа ортақ мерейлі күн ардақты ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етуден басталды. Данагөй қарттар мен ақынның туыс­тары ұлы тұлға туралы естен кетпес естеліктерімен бөлісті. Жалындаған жастар шоғыры ардақты ақынның өлеңдерін кезегімен жатқа оқып, жырдан шашу шашты.
Көпті қуантып, талай көңілді әсерге бөлеген салтанатты шара Сәкен Сейфуллин музейінің мәжіліс залында жалғасын тапты. Астана қаласы мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі қалалық «Сәкен оқулары» өткен болатын. Ардақты тұлғаның туған күнін ұлықтау тартыс­ты
бәсекеде топ жарған же­­ңімпаздарды марапаттау­мен жалғасты. Сәкен Сейфуллин музейі, «Нұр Отан» партия­сы Астана қалалық филиалы және
«Кенесары хан сарбаздары» жастар клубының ұйымдас­тыруымен өткен аталмыш шараға Астана қаласындағы 70-ке жуық мектеп шәкірттері қатысты.
Қатарынан екі күн жал­ғасқан тартысты бәсеке барысында жас буынның Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығы ерекше екеніне көз жеткіздік. Ардақты ақынның туған күніне орай қатарынан озып, жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар марапатталды.

Алаш ТҰРСЫНӘЛІ,
Сәкен Сейфуллин
музейі қызметкері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды