Сәкеннің алтын сағаты

0 84

Бас шаһардағы көпшілік жиі баратын руханият ордасының бірі – Сәкен Сейфуллин музейі. Бұл киелі орын 1988 жылы ашылып, осыдан екі жыл бұрын отыз жылдығын атап өтті. Бүгінде мұражай қоры бай, онда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері жайында тың деректер, зерделі зерттеулер мен құндығылы мол жәдігерлер жинақталған. Соның ішінде ардақты ақынның өзі тұтынған алтын қалта сағаты ерекше назарымызды аударды. Бұл – жай жәдігер емес, тарихы бар дүние.1934 жылы жазушы Максим Горькийдің ұйытқы болуымен Мәскеуде Кеңес жазушыларының бүкілодақтық бірінші съезі өтеді. Барлық республиканың көркем сөз зергерлері жиналған маңызды жиынға Қазақстаннан Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бастаған ақын-жазушылар делегат болып қатысады. Ал 1936 жылы Қазақстан Жазушылар одағы қайраткер ақынның әдеби және қоғамдық қызметіне 20 жыл толуын салтанатпен атап өтеді. Осы мерейлі жиында тұғырлы тұлғаның көп жылдық елге жасаған қызметі бағаланып, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, алтын қалта сағат табыс етеді.
Дауылпаз ақынның айшықты алтын қалта сағаты Швейцарияның «НҮ МОZER» фирмасында шамамен 1870-1880 жылдары жасалынған. Сағат жоғарғы сынапты алтын 18 к /750 сынама/ салмағы 100 гр. 1882 жылы шыққан. Диаметрі – 45 мм, үш қақпақтан тұрады. Сыртқы қақпақта Сәкен Сейфуллин есімі жазылған, ішкі қақпақта «HY MOZER&CE» «ECHAPPEMENTE ANCHE» «RERRES» «QUALITELEPAINE» фирмасы деген жазуы бедерленген.
Бұл жәдігерді Сәкен атамыздың зайыбы Гүлбаһрам анамыз ақынның біраз заттарымен бірге көзінің қарашығындай сақтаған. 1973 жылы ол кісі қайтыс болғаннан кейін олар Алматы мұражайына өткізілген. Соның ішінде тарихын баяндап отыр­ған алтын қалта сағат та болды. Қазір бұл жәдігер елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінің төрінде тұр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =