СӘКЕН СЕРІНІ ЕСКЕ АЛДЫ

0 332

Сәкен Жүнісов

Сәкен Жүнісов – өнерде де, әдебиетте де жарқын із қалдырған қаламгер. Биыл туғанына сексен жыл толатын жазушының мерейтойына орай Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы іргелі шара ұйымдастырды.

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында өткен «Тіл өнері және тұлға» атты көше мерекесіне Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, ақын Серік Тұрғынбекұлы, Халық әртісі Қайрат Байбосынов, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали және басқа да зиялы қауым қатысты. Олар басқосуда ел ішінде сері атанған қаламгердің бірегей болмысы, шығармашылығы, өнері жайында естеліктер айтып, әңгіме қозғады. Жиынға С.Жүнісовтің ұлы – Жанбота, немерелері – Әмір мен Әлихан және қарындасы Роза қонақ болды.

Мереке барысында көпшілік театр әртістерінің сомдауымен Сәкеннің «Қысылғаннан қыз болдық» драмасынан және жазушы туралы түсірілген деректі фильмнен үзінді тамашалады. Сонымен қатар, қаламгердің кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.

Динара ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + six =