«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сайрагүлдің ісі 1 тамызда қаралады

Бүгінгі күннің бүлкілі

0 144

Газетіміздің өткен сандарының бірінде («Қайрат Әбдірахманов: Барлығы заң бо­йынша шешілуі керек», №85, 19 шілде, 2018 жыл) «Қазақстанға шекарадан заңсыз өтті» деп айыпталған қытайлық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың Жаркент қаласында өтіп жатқан соты туралы жазған болатынбыз.

Осы аптада, дәлірек айтсақ, 23 шілде күні Панфилов аудандық сотының отырысы одан әрі жалғас­ты. Бұл отырыста прокурор Арзыгүл Имярова айып­талушының қорғаушысы Абзал Құспанның процессуалдық келісім жасасу жөніндегі ұсынысын қабылдаған жоқ. Сондай-ақ, прокурор келісімнен бас тартуының себебін де түсіндірмеді.
Бұдан кейін судья Динара Құйқабаева соттағы жарыссөзді 25 шілдеге белгілемек болып еді, бірақ С.Сауытбайдың қорғаушысы Абзал Құс­пан онымен келіспей, соттың келесі отырысын 1 тамыз­ға шегеруін сұрады. Судья адвокаттың өтінішін толық қанағаттандырды. Айта кетелік, 13 шілдедегі сотта Сайрагүл өзіне тағылған айыпты толық мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасауды сұраған еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды