Сайлау учаскелерін аралады

0 24

Алдағы сайлауға қоғамдық мониторинг жүргізу аясында Нұр-Сұлтандағы сайлауды бейпартиялық байқау орталығының өкілдері халықаралық байқаушы, ТМД миссиясы штабының басшысы Евгений Козякпен бірлесіп, сайлау учаскелерін аралады.

«21 желтоқсаннан бастап біз Қазақстанға келудегі басты миссиямызға кірістік. Орталық штабымыз елордада орналасқан. Қазір өңірлердің сайлауға дайындық жұмыс­тарымен танысудамыз. Бүгін Нұр-Сұлтандағы бірқатар сайлау учаскелеріне бару мүмкіндігі туды. Дауыс беру бөлмесінде қажетті нәрсенің бәрі бар. Сайлаушылардың, сенімді тұлғалар мен байқаушылардың қауіпсіздігі мен қорғалуы үшін қабылданған эпидемияға қарсы шараларға назар аударудамыз. Кабинада перделер болмайды, дегенмен жасырын дауыс беру әдісі сақталады. Меніңше, қауіпсіздік толығымен қамтылған. Біз дауыс беруге қатысатын барлық саяси партиялардың сайлау штабтарымен кездесу өткіздік» деді Евгений Козяк.
Оның айтуынша, сайлауға 20-ға жуық дипломатиялық корпус өкілдері ұзақ мерзімді байқаушы ретінде тартылған. Сайлау күні байқаушылардың негізгі бөлігі келеді. Қазір ТМД Миссиясы штабының 200-ден астам байқаушысы Орталық сайлау комиссиясында аккредиттелген. Нұр-Сұлтан бойынша 240 сайлау учаскесінде 500 байқаушы сайлау барысын бақыламақ. «Біз барлық учаскелерді қамтып отырмыз. Барлық байқаушыларымыз Байқаушы тәртібі туралы Кодекспен танысты. Бізде арнайы жедел желі бар. Әзірге елорда бойынша өтініштер түскен жоқ, өңірлерден кейбір учаскелерде мәжбүрлеп дауыс беру фактілері туралы шағымдар түсті. Штаб мұндай жағдайларға барынша жауап береді. Бейпартиялық байқау орталығынан әрбір учаскеде екі бақылаушы болады» деп түсіндірді Бейпартиялық байқау орталығының қалалық штаб басшысы Төлеген Күнәділов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − sixteen =