Сайлау БАЙЗАҚҰЛЫ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор: ЭКОНОМИКА ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ — ЕҢ ТИІМДІ ТӘСІЛ

0 99

– Елордамызда өткелі отырған V Астана экономикалық форумның артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқтала кетсеңіз?
– Артықшылық, кемшілік дегендерді әркім әртүрлі түсінеді. Ал экономист ретінде менің түсінігім мұндай іс-шаралардан не ұтамыз, неден ұтыламыз, не аламыз, не береміз, кімнен үйренеміз, кімді үйретпекпіз деген сауалдардың төңірегіне саяды. Осы ұстаныммен қарасақ, еліміздің, маман-кадрларымыздың, кәсіптегі азаматтарымыздың, тіпті, қонақ күтушілеріміздің, оларды қарсы алып, шығарып салушыларымыздың өздерінің берерінен гөрі алары, үйретуінен үйренуі көп екені дау- сыз. Мұндай ауқымды жұмыстардың артықшылығы мен қатар кемшілігі де болып жатады. Десек те, біз үшін пайдасы сол, экономикамыздың мазмұнды дамуына ықпал жасап, экономиканы басқару жұмыстарына басқа елдерден үлгі алып, тәжрибе алмастыру, жас кадрларды шет елдерде оқыту сияқты ұйымдық мәселелердің шешуін іздестіру деп білемін. Артықшылығымызға қосатын тағы бір мәселе, өткен төрт форумның да идеялық жүйесін, оның күн тәртібін біздің отандастарымыз өздері жасады. Оның дұрыстығының айғағы жыл өткен сайын біздің форумға қызығушы елдер саны өсіп келеді. Тіпті, осы жиында талқыланып жүрген валюта-қаржы жүйесінің архитектурасынжаңарту туралы идеяны еліміздің
Президенті бастаған экономистер, ғалымдар, қаржыгерлер тобы әлем ареналарында да тұрақты түрде көтеріп келеді. Әлемде бұл идеяны қоштаушылардың саны жылдан жылға көбеюде. Меніңше, қаржы-валюта жүйесін жаңарту жұмысы ең тиімді экономикалық жұмыс. Қазақстанның бір ерекшелігі біздің халық ғылыми ізденіске бейім, айыр-күрек, орақ-балғадан гөрі, қалам мен қарындашқа, кітап пен қағаз жұмыстарына үйір. Біз осы басқару жұмыстарының тех- нологиясын, оның IT технологиясымен байланысын зерттесек, оны кәсіптік дәрежеге жеткізсек, ол жобаға сұраныстың көп болатыны сөзсіз. Өйткені, инновацияға, инвестицияға әлем бойынша триллиондаған қаржы-қаражат бөлінеді. Әлем бойынша жылына жетпіс триллионға жақын жалпы ұлттық табыс алынатын болса, оны төрттен бірі осы инвестициялау, инновациялау жобаларына жұмсалады. Оның тиімділігін анықтау, қажетті жобаларды таңдау барысында кететін қателіктерге, шығындарға экономиканың менеджерлері, кәсіпкерлері жауапты екенін ескерсек, онда басқару жұмысының тетіктерін, әдістемелерін жасау қаншалықты тиімді, тиімсіз екенін білесіз, түсінесіз.
Ендеше, мұндай форумдар осы тетіктердің дұрыс-бұрыстығын саралайтын нағыз ой алаңы бола тұра пайдасыз шаралар деу ақылға сыймас. Біз небәрі бесінші форумды ғана өткізгелі отырмыз. Кемшіліктердің сапасын анықтауға әлі ертерек. Дегенмен, кемшіліктер қатарына, мен өз мамандығым бойынша қосатыным мынау: форумға қойылған ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудегі баяу қимылдар, белсенділіктің аздығы. Қазіргі уақытта жаңа бағытта дамуды арттыру үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан көптеген нақты шараларды ғылыми-экономикалық жағынан қолдау, сараптау, талдау жұмыстары,
басқару тетіктерін ғылыми негіздеу, зерделеу әдістері әлі де жеткіліксіз екені жасырын емес.
– Мұндай үлкен форумдарды өткізуге қаржыны қайдан аласыздар?
– Бұл сұрақтың ғалымдарға, оның ішінде маған еш қатысы жоқ. Мен форумның ұйымдастыру жұмысында да, зерттеу жұмыстарының қаржы-қаражат жұмсауымен де айналыспаймын. Бірақ менің білетінім – форум жұмысының біздің ел экономикасына, ғылыми ізденістерімізге өте тиімді екендігі. Себебі, Астана экономикалық форумы бүгінгі жаһандық экономикалық дағдарыстың себеп-салдарын айқындап, қиындықтан шығу жолдарын белгілейтін шынайы әлемдік пікірсайыс алаңына айналды деуге болады. Ол ол ма, тиімділікті былай қойғанның өзінде, өткен төрт форумның күн тәртібін қараңызшы, онда тек мезгілі пісіп жетілген мәселелер тізбегі тұр.
Ал, мезгілі жеткен, шешімі әр елді де, жеке мамандарды да қызықтыратын проблемалардың біздің форум додасына уақытымен түсуі, жиындарымыздың тартымды өтуінің бірден-бір кепілі деп
есептеймін.
– Жалпы, біздің ғалымдардың зерттеулері, пікір-пайымдары, жаңалықтары экономиканыөрістетуде қаншалықты қолданысқа еніп жүр?
– Қазақстан экономикасының тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері мол. Мәселен, жақында біздің институты-мыз алдыңғы шептегі 35 елдің соңғы он жылдағы экономикасының өсу дәрежесін, оның қарқынын есептеп
шықты. Ол есеп жүйелі түрде 2000-2010 жылдар арасындағы ресми статистика бойынша жүргізілді. Бұл жүйелі талдауда тек жалпы ішкі өнімнің қарқыны ғана емес, экономиканың тиімділігі, капитал қайтарымы, еңбек өнімділігі, шығын қайтарымы, инновациялық экономиканың өсу дәрежесі сияқты сапа көрсеткіштері қамтылды. Осы өзіміз өткізген талдау жұмысының қорытындысы – біздің экономистердің, қаржы мамандарының, ғалымдардың, жалпы нақты экономикада үлесі бар еңбек
адамдарының мақтануына тұрарлық. Қазақстан экономикасы 2000-2010 жылдар аралығында осы 35 елдің
ішінде сапалы өсу дәрежесі бойынша құрметті 16-шы орында тұр.
Қазақстан экономикасының әлем экономикасы бойынша алатын орнын анықтау, оны басқа есепшілер алдында объективті дәлелдеудің өзі біз үшін үлкен жетістік. Мен мынадай мысал келтірейін, Қазақстан тәуелсіздік алар мезгілде Одақ экономистері алдында мынадай маңызды мәселе талқыға түсті – қай республиканың дотациялық екенін, ал қайсысы донорлық қабілетті екенін дәлелдеп шығу қажет. Біздің ел экономистері, мамандары Қазақстанның дотацияда болуы одақ бойынша бағаның дұрыс қойылмауынан екенін дәлелдеп шықты. Осыдан 20 жыл бұрынғы есептің дұрыстығын нарықтағы шикізаттың қазіргі бағалары дәлелдеп отыр. Мұндай нақты жеңістер қазір де баршылық. Мәселен, біздің бастамашыл топ инфляция дәрежесін есептеу
мәселесімен айналысып, оның дұрыс шешімін іздестіруде. Онда жалпы ЕО – 27 елдері бойынша біздің есебіміз ресми статистиканың көрсеткішінен ауытқуы не бәрі 3% болса, оның ішіндегі бірсыпыра елдердің, әсіресе шығыс европа елдері көрсеткіштерінің ауытқу дәрежесі 20-25% пайызға дейін жетеді. Біз бұл есебімізді форум жұмысына қатысатын кәсіби мамандарға, Нобель сыйлығының ла-уреаттарына көрсетейін деп отырмыз. Бірақ ғылыми ізденіс оңай біте қоятын шаруа емес. Дегенмен, француздың  ұлы жазушысы Виктор Гюго «уақыты келсе, жаңа идея тас жарады, тас жармаса бас жарады: толғағы жеткен идеяны тоқтатуға ешқандай елдің армиясының күші келмейді» депті. Дәл осындай жаңа идеяны бастаушының бірі біздің елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен форумда «Соңғы 70 жыл ішінде экономикалық катаклизмдерді тудырған терең мәселелер әлі шешілмеген. Алдыңғы
дағдарыстың әлемге тигізген жан-жақты және обьективті талдау сабағы қажет. Ең маңызды сабағы болып – экономикалық саясаттағы дисбаланстардың жол берілмеуі болып келеді», – деп атап өтті.
Рас, әлемнің беделді экономистерімен қаржыгерлерінің, ірі әрі дамыған елдердің жетекші басшыларының айтулары бойынша да, ресми статистика бойынша да, ақша айналысы мен тауар айналымы арасындағы айырмашылық бірте-бірте өсіп, ме- желенген деңгейінен асып барады. Ақшаны құрғақ айдау саясаты, нақты экономиканың тынысын тарылтуда. Қазақстандық бастамашыл топтар, бұл топқа мен де кіремін, осы айырмашылықты, айырмашылық себебін ғылыми базадағы концепту- алды ажыратылымдарға негізделген экономикалық басқару индикаторлары мен қолданбалы құралдарын іздеумен айналысады. Біздің институттың белсенді тобы қазіргі валюта-қаражат жүйесінің өлшемдерін зерттеп, күнделікті қолданылып жүрген инфляция деген түсініктеменің экономиканы басқару жұмысының құралдарын жандандыруға маңызды екенін (ЖІӨ дефляторы) дәлелдеп, оны анықтаудың жаңа технологиясын жасауға болаты- нын көрсетті. Мен идеологияға емес, білімге бағынатын экономикалық пробле- малар топтамасын бүтіндей нарыққа беру керек деп ойлап қана қоймай, осы мәселелерді көптен зерт- теп жүрмін. Егер осы мен көтеріп отырған ЖІӨ дефляторының өлшеу мөлшерінің теоретикалық жағын қорытындылап, біз жасаған есептеулердің маңыздылары туралы айтсақ, олар мыналар. Біріншіден, ЖІӨ дефляторының құрамына кіретін үш ингредиент анықталды. Олар – өндіріс шығындарының инфляция индексі, ақшалай инфляция индексі, баға инфляцияның индексі. Ал ЖІӨ дефляторының өзі осы үш индика- торды бір біріне көбейту арқылы есептеледі. Бізге қажет ақшаның сатып алу қабілеттілігі ЖІӨ дефляторына ғылыми-технологиялық прогресстің пайдалы коэффициентіне тура пропорционал, ал, ЖІӨ дефляторына кері пропорционал екендігі анықталды. Біз жасаған теориялық қорытынды бойынша экономиканың даму қарқынын есептеуге жарамды нақты ЖІӨ ақшаның сатып алу қабілеттілігі арқылы есептеледі. Жалпы ішкі өнім дефляторының жаңа түсіндіруі бойынша нақты жалпы ішкі өнімді тауар бағасының индексі емес, ақшаның сатып алу қабілеттілігі арқылы есептеп, экономикамыздың нақты өсу дәрежесін анықтауға жарамды басқару құралы ретінде пайдалануға болады. Осыған сәйкес, нақты жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) ақшаны сатып алу қабілеттілігін номиналдық ЖІӨ-мен көбейту арқылы анықталады.
Экономиканың өсу дәрежесін анықтау бұрынғы дәстүр бойынша да есептеліп, екі әдісте салыстыру, талдау жұмыстарына қатар пайдаланылғаны дұрыс болар еді. Енді сұрағыңызға сұрақпен жауап берейін. Өзіңіз ойлаңызшы, әлемде жоғарыда мен қорытындылап отырған идея әлі өмірге жол таба алмай жүрсе, оны Қазақстанның белсенді бір тобы зерттеп жүрсе және ол идея, Гюго айтқандай, толғауы жеткен, сұранысқа ие жоба жасауға арқау болса, оны сіз қалай бағалар едіңіз? Ал оның бағасын ресми әдістемелермен де анықтауыңызға да болады. Ол әдістеме бойынша, егер жаңа идеяға негізделген технология жасалса және ол дағдарысқа тосқауыл бола алса, онда оның құны дағдарысқа байланысты шығындардың 10-12 пайызына тең болатыны анық. Бұдан біздің фанта-
зиямыз жетпейтін, жетсе адам баласы иланбайтын көрсеткіш туындайды….
– «Инновациялық бизнес – бәсекеге қабілетті экономикаға жол» тақырыбында VII Инновациялық конгресс өтеді екен. Бұл конгрестің Қазақстанға енгізіліп жатқан инвестициялық-инновациялық жобаларға әсері бар ма?
– Әрине, бар. Алдағы форумның өзінен Қазақстанға енгізуге жарайтын жаңа инновациялық-инвестициялық жобаларға келісімшарттар, меморандумдар жасалады деп күтудеміз. Алайда, сіздің бұл сұрағыңызға VII Инновациялық конгресстің сессияларына қатысушы және жауапты мамандар толығырақ жауап береді деп ойлаймын.
– «Көшбасшылар диалогы» төртжақты пікірталас барысында қазақстандық белсенділік пен бедел қаншалықты деңгейде танылмақ?
– Біздің институттың белсенді тобының экономикалық басқару жұмысын жақсартуға арналған техно- логиясын бірсыпыра еңбектерімізде көрсеттік, қызығушылығы бар мекемелерге жібердік. Енді ол материалдарды бесінші экономикалық форумғаұсынып отырмыз, оның қаншалықты биік, төмен дәрежеде екенін, оның бағасын төрешілер анықтасын.
– «Жұмсалған қаржы артығымен өтеледі» деп отырсыздар ғой…
– Иә, мен ғылымға жұмсалған қаржы артығымен өтелетініне дау жоқ деймін. Менің бұл пікірім тек белсенді топтың ғана емес, Қазақстанның экономика ғылымдарына жұмсалатын шығындарының өтелуіне де қатысы бар. Бұлай дейтініміз, қазақстандықсарапшылардың бағасы бойынша, казіргі таңда нақты сектор өз дамуының алтыншы сатысында тұр, био және нанотехнологиялар зерттеліп, жаңа интеллектуалдық материалдар іске қолданылып жатыр. Осы нақты сектор экономикасына сүйемел боларлық, басқару жүйесі және валюта-қаражат жүйесі қажет. Олар нақты сектордың екінші тынысын ашады, ұлттық экономиканың нақты секторының
материалдық-техникалық базасын құруды жылдамдатады және олардың интеллектуалдық күштерін дамытады. Қазақстан экономикасының өсуін сырттай бақылау шетел инвесторлары үшін қаншалықты маңызды болса, өз еліміздің экономикасын көтеру және оған үлес қосу біз үшін соншалықты маңызды. Ең бастысы капитал қайтарымы белгіленген нормативтен кем болмауы шарт.
Ал сұрағыңыз мен ұсынып отырған жобаға жұмсалған қаржы туралы болса, онда ол жобаға әлі бір тиын да жұмсалған жоқ. Мен «Жұмсалған қаржы артығымен өтеледі» деп жалпы форум шығыны туралы айтып отырмын.
— Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Сұхбаттасқан
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 4 =