Сайлау – 2021

0 12

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым бетінен орын беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы

«Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттері мен «Elorda Info» интернет-басылымының меншік иесі – «Elorda Aqparat» ЖШС сайлау­алды үгіт материал­дарын газет бетінде жариялау үшін басылым беттерін ұсыну шарттары туралы хабарлайды.
Басылым беттерін беру газетпен жасалған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтініштерді «Elorda Aqparat» ЖШС демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Достық к-сі, 13, 222-бөлме мекенжайы бойынша қабылдайды. Тел.: 70-33-06. Электрондық пошта: va-reklama@mail.ru
Баспа материалдарын орналас­тыру тәртібін «Elorda Aqparat» ЖШС жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты белгілейді.
Үгіттік баспа материалдары «Elorda Aqparat» ЖШС газеттері шыққан күнге дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын келісімшартқа уәкілетті тұлғаның қол қоюымен модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылады.
Газетке берілген үгіт материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыру, сондай-ақ заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған, тағы басқа да негіздерде әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда материалдарды орналастырудан бас тартуға құқылы.
Газет саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік материалдарды орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым беттерін берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.

БАСЫЛЫМ беттерін БЕРУ ҮШІН ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ:

«Астана ақшамы» және ­«Вечерняя Астана» газеттерінің 1-бетінде 1 шаршы см. жария­ланым орналас­тыру құны – 1750 теңгеден (250 шаршы см-ге дейін);
2-3 беттерде – ҚҚС есебімен 1250 теңге;
4-7 беттерде – 470 теңге, ҚҚС-ты ескере отырып;
Vechastana.kz, astana-akshamy.kz веб-сайттарындағы жарияланған материалды көшіру құны ҚҚС есебімен 40 000 теңгені құрайды.
«Elorda Info» интернет-басылымындағы материалды көшіру құны ҚҚС-ты ескере отырып, 40 000 теңгені құрайды.
Тапсырыс беруші ұсынған мақаланы (ашық жерді қоса алғанда 2000 таңбаға дейін) «Elorda Info» интернет-басылымына қосымша құн салығын (НДС) ескере отырып орналастыру құны 40 000 теңгені құрайды.
«Elorda Info» интернет-басылымына мақала жазып орналастыру құны (2000 таңбаға дейін) қосымша құн салығын ескере отырып, 120 000 теңгені құрайды.
Төлем «Elorda Aqparat» ЖШС ұсынған шот-фактура негізінде шот-фактура жасалған күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде жүзеге асырылады.
Төлем тиісті келісімшартта көрсетілген «Elorda Aqparat» ЖШС банктегі деректемелері бойынша жүзеге асырылады.

Ж.ЖҰМАДІЛОВ,
«Elorda Aqparat»
ЖШС директоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − one =