Сахнада – «Сирано де Бержерак»

0 106

Астана күні есте қаларлық, бірегей оқиғаларға толы болмақ. Елорда тұрғындары көрме, концерт, фестивальдерден бөлек, театрландырылған қойылымдар мен мәдени іс-шараларды тамашалайды. Астананың 15 жылдығындағы осындай маңызды оқиғаның бірі – «Сергей Безруков театрының» арнайы сапары.

Танымал ресейлік театр мерекеде Эдмон Ростанның комедиясымен аттас «Сирано де Бержерак» қойылымын қояды. Бұл – қаһарман жауынгер, жаужүрек кавалер туралы өлеңмен жазылған дарынды француз ақыны Сирано де Бержерак туралы тартымды комедия. Қойылымда Сирано өзінің бөлесі Рокса­на­ға ғашық болады. Бұл ту­­ралы сұлу қыз бейхабар. Си­ра­­ноның батылдығы сон­­дай, ол ұрыс даласында ма­­хаб­­бат­­қа бола талай жекпе-жекке шығады. Өзінің досы Кристианның атынан Роксанаға сүйіспеншілікке то­лы хат жазады. Өлеңі мен махаббат хаттары арқылы Крис-тиан Роксананың жүрегіне жол тапқанымен, шындықты мо­­йындай алмай, майдан да­­ласында көз жұмады. Ал Си­­ра­­но­ құпияны өлгенше сақ­­тайды…

Қойылымның режиссерлары – Сергей Безруков және VIII аймақаралық «Жаңа жылдық шеру» театр фестивалінің «Үздік режиссерлік» аталы­­мы­­ның лауреаты Александр Синотов.

Туындыларында олар ке­­ре­­мет режиссерлық оқы­­лым ар­қылы комедияға класси­­ка­­лық түсініктеме береді. Сонымен, қойылым барысында елордалық көрермен Сергей Безруков, Елизавета Боярская, Сергей Кошонин, Сергей Гамов, Андрей Кравчук, Сергей Сафронов, Регина Щукина, Игорь Копылов, Александр Черкашин және та­­ғы басқа әртістердің өнерін тамашалайды. Әдемі костюмдер, қайталанбас әшекейлер, мультимедиа және әсем жаб­­дықталған сахна, епті қи­­мыл-әрекеттер, жұлдызды актерлық ансамбль қо­­йы­­лы­­мы Астананың театр өмірін жа­­ңа бір қырынан танытады. Қойылым Конгресс-холл сахнасында 27-28 маусымда өтеді.

Гүлмира Аймағанбет

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + fifteen =