САХА ТЕАТРЫ – АСТАНА САХНАСЫНДА

0 117

24-25 қазан күндері Астанада «Саха театрының аңыздары» бағдарлама­сының аясында П.А.Ойунский атын­дағы Саха академиялық теа­т­ры­ның гастрольдері өтеді. Яку­тия­ның ұлттық театрының 110 жыл­дығына орай ТМД елдерін аралап жүрген өнер ұжымы елорданың Жастар театрының төрінде Якутия әдебиетінің негізін салушылардың бірі Алексей Кулаковскийдің «Ша­ма­нның түсі» және Сюзанна Ооржак­тың «Бернарда Альбаның үйі» спектакльдерін қояды. 

saha

Режиссер Руслан Тараховский қой­ған алғашқы спектакль филосо­фиялық мәтін, рухани музыка және пластиканың қоспаларынан тұрады. Оның бас кейіпкері рок музыкант қазіргі күй­бең тірлікте өзін-өзі іздеп, үлкен сынақтардан өтеді. Ақыры рухани тазарып, халқының бастапқы болмысы мен табиғатына, наным-сеніміне оралады. Қойылымға «Чолбон» рок тобы қатысады.
«Бернарда Альбаның үйі» спек­таклімен өнер ұжымы 2007 жылы «Алтын бетперде» атты ұлттық театр сыйлығының «Үздік спектакль», «Үздік режиссер» аталымдарында топ жарып, Степанида Борисова атты бас­ты рөлді сомдайтын актриса «Үздік әйел бейнесі» аталымында жеңімпаз атанған.
Аталмыш қойылым – Арктика мемле­кеттік мәдениет және өнер институтын 2006 жылы аяқтаған Сюзанна Ооржактың дипломдық жұмысы.
Оқиға Испания елінде, Бернарда есімді өктем әйелдің отбасында өрбиді. Оның бойжеткен, тұрмысқа шықпаған екі қызы бар екен. Қойылым олардың құпиялары мен армандары туралы сыр шертеді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + 18 =