Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сәбира мен Хабиба

Сурет сыры

0 492

1936 жылы Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі өткені белгілі. 17-27 мамыр күндері сол кездегі одақ астанасында қазақтың мемлекеттік музыкалық театры Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» операларын, Ахмет Жұбанов бастап барған ұлт аспаптар оркестрі бірнеше концерттер қойды.

Дәл сол кезде Жібек бейнесін сомдаған Күләш Байсейітова 24 жасында КСРО халық әртісі атанғаны да тарихтан аян. Күләшпен қатар осы онкүндікке Сәбира Майқанова, Шара Жиенқұлова, Хабиба Елебековалар да қатысып, сахнада жарқырады.
Әртістер мен қаламгерлер бос уақытында Мәскеуді аралады. Сәбира Майқанова (сол жақта) мен Хабиба Елебекова сол уақытта фотосуретке түскен. Әртістердің мойындарындағы жұқа шарфтарды Мәскеу ГУМ-ынан Сәкен Сейфуллин таңдап берген.
Сәкеннің Күләш пен Шараға француз әтірін сыйлап, олар соны алып бастарына құя салып, иісі талайға дейін кетпеді деген қызықты әңгіме де бар. Жалпы сол сапардан естелік ретінде қалған бірнеше фотосурет бар. Оларды кейінге қалдырып, алдымен бір суретпен ғана бөліскенді жөн көрдік.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды