«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сәбилер саулығын бақылайтын орталық

0 159

Енді елордада туабітті ақаумен немесе мерзімінен ерте өмірге келген сәбилерді күтіп-бағуға арналған бөлек мекеме бар. Катамнез орталығы деп аталатын бұл ұйым қаладағы №2 көппрофильді аурухана базасында жұмыс істейді.


Аталған орталықтың басшысы әрі негізін салушы неанотолог дәрігер Балжан Тәтібекованің айтуынша, катамнез кабинеттері бұл мекемеде төрт жылдан бері жұмыс істеп келген. Сол уақыт ішінде 3 жарым мыңға жуық нәресте ем алып, үйлеріне шыққан. Енді осы салада белгілі бір жобалармен айналысып, халыққа неғұрлым көбірек көмек көрсету үшін оларды жеке орталық ретінде қайта құру қажеттігі туындапты.
– Мәселен, кейбір шақалақтар дүниеге небәрі 500 грамм болып келіп жатады. Мұнда дәрігерлер мен медбикелер сәбилерді бір жасқа толғанынша тұрақты түрде қадағалап, нәрестелер арасындағы өлім-жітім мен мүгедектік көрсеткіштерін төмендетуге барын салады. Енді осы тәжірибе негізінде Катамнез орталығын құрып, онда нәрестелерді күтіп-бағып қана қоймай, аналарды үйрету бойынша да жұмыстар атқарылады, – дейді неанотолог дәрігер.
Орталық әзірге ақылы түрде қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету бағасы – жылына 250 мың теңге. Бір қызығы, мұнда сәбилерге дәрі-дәрмек жазып бермейді, оның орнына басқаша әдістермен емдеу шаралары қолға алынады. Алдағы уақытта квота бойынша ақысыз емделу мүмкіндіктері де қарастырылмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды