©2020 Астана Ақшамы
СӘБИІН ҚОҚЫСҚА ТАСТАП КЕТКЕН
Бейсенбі күні таңғы сағат 04:00-де Алматы аудандық Ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар түнделетіп кетіп бара жатып, қоқыс контейнерінен жылаған сәбидің даусын естиді. Анықтап қараса, пакетке оралған шақалақ екен. Оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем қызметкерлері нәрестеге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бөлімшеге алып кетеді. Дәрігерлер қыз баланың 2-3 сағат бұрын ғана туылғанын анықтаған.
Елордалық полиция қызметкерлері жедел алдын алу шаралары барысында сәбидің анасын ұстады. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.