РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ЖЕРГЕ ҚАР ТӨККЕНДЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

0 114
Жыл басынан бері елордалық табиғат қорғау полициясының қызметкерлері көшедегі және жолдағы қарды рұқсат етілмеген жерлерге заңсыз төккен 22 автокөлік жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
c

Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жүргізушілерге 509 040 теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Қысқы кезеңде қала аумағын жинау ерекшеліктері» абаттандыру Ережелеріне сәйкес (Астана қ. мәслихатының шешімімен бекітілген, 5 бөлім, 60 т.), көшедегі және жолдағы қарды арнайы дайындалған алаңдарға шығару қажет. Қарды (қоқыссыз) келесі мекен-жайлар бойынша шығаруға рұқсат етілген: «Алматы» ауданы – Железнодорожный т.а., әскери бөлімшенің сыртында. «Сарыарқа» ауданы – Н. Тілендиев даңғ., «Тайм» ЖҚС ауданы. «Есіл» ауданы – Рождественка тас жолы, «Рубеж» бекетінің сыртында, оң жақта, сондай-ақ, су тазартқыш құрылыстарының ауданында 27-ші көшеде балқыту станциясы бар.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + four =