РУХАНИ ҮНДЕСТІК КӨРІНІСІ

0 177

IMG_9110

Ресей мәдениет және ғылым орталығында Александр Холмогоровтың «Алтай. Природа. Староверы» атты фотокөрмесі өтті.

– Суреттердегі бейнелердің бәрі – жасымнан таныс, жүрегіме жақын бейнелер. Олардың қуанышы мен қайғысын, ішкі толғанысының қас-қағым сәттерін обьективке басып алуға тырыстым, – дейді суретші. – Мен үшін басты нәрсе – сұлулық. Адами, рухани, табиғи болсын, оны көре білу үшін де жан сұлулығы қажет.

Фотосуретшінің айтуынша, Алтайдың табиғаты мен байлығын таныту үшін басталған жоба уақыт өте келе рухани жағы басым түсіп, жаңаша сипат алыпты. Уақыттың сынағына төзе біліп, рухани тазалығын сақтаған жандардың тыныс-тіршілігінің көрінісі көпшілік көңілінен шықты.

Алтай өңірінде православиенің көне дәстүрі бар. Он жетінші ғасырдың  екінші  жартысында  осы өңірге көптеген ескі ғұрыпты ұстанушылар қоныстанған екен. Олардың бүгінгі жалғасының тыныс-тіршілігі бейнеленген суреттер өзгеше тартымды. Қалың қар басқан үйлерден шыққан түтін, шырақ ұстаған қалыңдық, шәкірттер, әжім торлаған мейірімді көздер мен қалың ойға шомған дінбасылардың бейнелері тереңге кеткен тарихтың бір үзігінен сыр беріп тұрғандай.

Көрме әлемнің алпысқа тарта елін араламақшы.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − 7 =