Рождество – рақымшылық мерекесі

0 363

7 қаңтар – барша хрис­ти­андардың Рождество ме­рекесі. Мұсылмандар үшін­ асыл пайғамбарымыз Мұ­хам­мед (с.ғ.с) туған күн –  Мәу­лiт мерекесi қан­шалықты ма­ңызды болса, христиандар үшiн Рождество мерекесiнiң де­ ма­ңызы соншалықты. Се­бебi, Рождество – Иса пай­ғам­бардың туған күнi. 

Рождество мерекесiнiң мағынасы – сүй­iс­пеншiлiк, бейбiтшілiк, рақымшылық, бар­­лығына кешірiммен қарап, әркiмге тек жақ­­сылық тiлеу, жалпы, адамзат баласын сүю мен­ келiсiмде өмiр сүру дегенге саяды. Бұл кү­ні Рождество алдындағы Сочельник деп ата­латын кештен бастап, шіркеулерде Құдайға та­быну салтанаттары өтедi. Дәл осы түнi Рож­дество алдындағы ауыз бекiту аяқталып, ме­рекелiк дастархан жайылады.
Iнжiлдегi аңызға сүйенсек, бұл түнi Вифлеем қаласында Иса пайғамбар дүниеге келдi. Со­дан берi «Рождество» аталған күн адамзат Жа­ратқанның нығметiне бөленетiн қасиеттi күн­ болып саналады.

Осыдан біраз жыл бұрын елімізде Құрбан айт пен Рождество мерекесi – мемлекеттiк ме­реке болып жарияланды. 2005 жылы ел Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бiздiң елi­мiзде адамдарды мейiрiмдiлiкке шақырып, сүй­iспеншiлiк пен рақымшылыққа баулитын бар­лық дiндерге бiрдей құрметпен қарайды. Сон­дықтан Рождество мен Құрбан айт ме­ре­ке­сi бiзде демалыс күндерi болып табылады» де­ген болатын. Содан берi елiмiздiң Еңбек ко­дексiне сәйкес, бұл күн демалыс болып жа­рияланды.

Айнұр САНАБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 4 =