РОУМИНГ ҚҰНЫ АРЗАНДАМАҚ

0 67

1396525269_d09220d0a0d0bed181d181d0b8d0b820d0bed182d0bcd0b5d0bdd18fd18220d0b2d0bdd183d182d180d0b8d181d0b5d182d0b5d0b2d0bed0b920d180d0bed183d0bcd0b8d0bdd0b3

«Еуразиялық экономикалық комиссия Ресей,­ Беларусь пен Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігі аумағында роуминг құнын төмендету мәселесін қарастыратын болады» деп хабарлайды БЕЛТА.

Еуразиялық экономикалық комиссияның монопо­лия­ға қарсы реттеу департаменті монополияға қарсы заңдардың сақталуын қадағалау бөлімі бастығының орынбасары Алеся Абраменконың айтуынша, Беларусь шекарасынан Ресей немесе Қазақстанға шыққандағы ұялы байланыс тарифтерінің қымбатшылығы негізсіз. «Нарықтың олигополистикалық құрылымы БЭК аясында байланыс операторларының бәсекелестікке қарсы әрекеттерін тудырып отыр, – деп атап өткен ол: – Соның салдарынан ұялы байланыс операторларының халықаралық қоңыраулары мен роуминг арқылы байланыс тарифтерінің айырмашылығы 2 мен 16,8 есе аралығында, – дейді.

ЕЭК зерттеулерінің мәліметтері бойынша, Ресейге шыққанда Беларустардың «Life» абонементі роуминг арқылы таңдап алған тарифіне қарай Br5520-ден Br39540-қа дейін шығындалады, ал МТС абонементі – Br9660-ден Br31812-ге дейін, «Velcom» – Br11760-тан Br30000-ға дейін шығандап кетеді. Ресей азаматтары Беларусь Республикасына келіп хабарласса да осындай жағдай.

Мұндай жағдайға себеп болып отырған жайттардың бірі – БЭК елдерінің ұялы байланыс операторларына тариф орнату мәселесі жөніндегі заңнамаларының әрқилылығы. Мәселен, Ресейде ұялы байланыс операторлары тарифтерді өздігінен белгілесе, Беларусь пен Қазақстанда ол мемлекет арқылы реттеліп отырады.

Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =