Ротация жасау жемқорлықты шектейді

0 55

ANTIKOR.LIVE жобасы аясында кезекті онлайн-сұхбат өткізілді. Elorda.info сайты хабарлағандай, «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Мирас Шекенов сыбайлас жемқорлықпен күрестегі қоғамдық бақылау механизмі жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирновамен әңгімелесті.Оның пайымдауынша, белгілі бір уақытта мектеп директорларына ротация жасау жемқорлықты болдырмайды. «Біздің еліміздің білім беру саласында Кеңес Одағынан әлі күнге жалғасып келе жатқан дәстүр бар. Мысалы, бұрын мектеп директоры бір мектепте 20 жылға дейін қызмет етсе де, ешкімнің онда шаруасы болмайтын. Бірақ қазір заман да, идеология да басқа. Заманға қарай біз де өзгеруіміз керек. Яғни мектеп басшыларына белгілі бір уақыт өткен сайын ротация жасап отыру керек. Неге десеңіз, мен қамқоршылық кеңестің мүшесі ретінде бір мектепке 1,5 миллион доллар қаржы бөлінетіні туралы естідім. Бұл аз ақша емес. Сондай жерде сыбайлас жемқорлық болуы әбден мүмкін. Өйткені ұзақ жылдар бойы бір мектепте жұмыс істейтін мектеп директоры мен есепші, шаруашылық жетекшісі ғимаратқа жөндеу жүргізу, мамандарға сыйақы беру кезінде өзара сыбайлас әрекетке бармайтынына ешкім кепіл бола алмайды. Әрине, мен ешкім туралы жаман сөз айта алмаймын, бәріне құрметпен қараймын. Дегенмен, бұл шетелдің тәжірибесінде бұрыннан бар. Мысалы, Германияда мектеп директорлары 5 жылдан әрі бір жерде жұмыс істемейді. Алайда ротация жасаған күннің өзінде басшы өзімен бірге барлық командаластарын алып кетуге жол бермеу керек» дейді Ирина Смирнова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + 7 =