Ревакцинациядан қашан өтеді?

0 10

Қазіргі уақытта елордадағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап, коронавируспен ауыратындардың саны өсуде. «Жанұя» қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясы» ЖШС директорының орынбасары Замира Борлықбаева тұрақты иммунитетті қалыптастыру үшін қай уақытта ревакцинациядан өту керектігін айтты.

Без названия

Дәрігердің айтуынша, ревакцинация мен вакцинацияның айырмашылығы аса үлкен емес. Бұл кез келген инфекцияға, ал қазіргі жағдайда коронавирусқа қарсы қайта екпе алу. Вакцинаны таңдауға келетін болсақ, егер адам белсенді емес вакцинаны (CoronaVac, Hayat-Vax, QazVac) алса, онда алты айдан кейін векторлық вакцинаны алғаны қажет («Спутник V» немесе Pfizer де болады).

«Мысалы, егер адам бірінші және екінші компонент ретінде «Спутник V» векторлық вакцинасын алса, онда 9 айдан кейін ол вакцинаның басқа түрін алуы тиіс, ол үшін белсенділігі жойылған Sinopharm, Hayat, QazVac жарайды. Егер, керісінше, адам алдымен белсенді емес вакцинаны алса, онда 6 айдан кейін векторлық вакцинаны алу ұсынылады. Бұл Mix&Match схемасы иммундық жауаптың тұрақты қалыптасуына, ағзада антиденелердің пайда болуына арналған» деді ол. Ревакцинацияның мақсаты – ұжымдық иммунитетті құру ғана емес, адамның жеке иммунитетін де қалыптастыру.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − thirteen =