Ревакцинация мерзімі белгілі болды

0 26

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп, азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациялау тәсілдерін әзірледі. Бұл туралы ҚР-да дерттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

1a015bfd46274659926cd82d5bf22749

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтағаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады. Ревакцинация үшін вакцинаның 1 дозасы пайдаланылатын болады» деді А.Цой. Бұл ретте векторлық вакциналар алған адамдарға белсенді емес вакцинамен немесе М-РНК-вакцинамен 9 айдан кейін ревакцинация­ау ұсынылады. Белсенділігі жойылған вакцина алған адамдарға ревакцинация 6 айдан кейін векторлық немесе М-РНК-вакцинамен жүргізілуі тиіс. М-РНК-вакцинасымен екпе алған адамдарға 6 айдан кейін белсенділігі жойылған немесе векторлық екпемен қайта салдыру ұсынылады. Сонымен қатар вакцинация курсын аяқтағаннан кейін коронавируспен ауырған адамдарға сауыққаннан кейін 3 айдан кейін ғана салынады. Осылайша ревакцинацияның басталуы 2021 жылғы қарашаның III онкүндігіне келіп тұр. Ревакцинацияға арналған контингентке тәуекел топтары, яғни медицина қызметкерлері, педагогтар, МӘМ және жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқандар, өздігінен зерттеуден өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар жатады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =