Рейтинг қуғанша, сауап жинамаймыз ба?

Айтпайын-ақ деп едім...

0 210

Газетімізде «Телетерезе» айдары ашылғалы көп болған жоқ. Бірақ телебағдарламаларға, әсіресе, ток-шоуларға талдау жасағалы жеке парақшамыз­ға да, редакциямызға да келіп жатқан хаттар толастар емес.

Ал мақаламызда сыналған бір бағдарламаның продюсері өздерінің барлық келеңсіздікке барып жүргенін бір-ақ ауыз сөзбен түсіндірді. Онысы – Рейтинг. Рейтинг дегені – бағдарламалардың неше рет ашылғанының көрсеткіші.
Бағдарлама сапасы, оны қанша адамның рахаттанып, рақметін айтып отырып көргені, қанша адамның жиреніп қарағаны немесе сынау үшін, сараптау үшін факт іздеп ашқаны маңызды емес. Әйтеуір, бағдарламаға назар аударып, түртіп қалса жеткілікті, «көрілген» болып шыға келеді. Бұл – сонау кеңестік кезеңдегі «пәлен қойдан пәлен қозы алды» деп тұрып асыра сілтеп жаза беретін саншыл, есепшіл санамен егіз нәрсе секілді.
Әлбетте, рейтингтің артында ақша тұратыны рас. Рейтингі көп бағдарлама өміршең саналады, оларға жарнама берушілер де көп болуы мүмкін.
Бірақ елді елең еткізем деп, дүниеден бар жамандықты жинап-теріп жүріп жасаған бағдарлама телеарна басшысынан басқа кімге опа береді? Ал басшының бастан сипағаны адамды жаратып, оның өзгелерден артықшылығын иманымен өлшейтін Алланың ризалығынан артық болғаны ма? Ар-ожданнан, адамгершілік пен иманнан ақша маңызды ма?
Рейтинг үшін экранға небір сұмдықты, анайы, ұятсыз жағдайларды шығарып, көрермен эмоциясымен ойнап, қоғамға жамандық таратқанда телеарнадағы әріптестеріміз өзін тек «адал жұмысшы» сезінуі мүмкін. Иә, сынағанға, наразы болғанға олар «бұл менің жұмысым» деп қана жауап бере алады. Алайда, адам Алланың алдында әркез бір қалыпты емес пе? Сенен азғындықты, жамандықты талап ететін жұмысың Алланың алдындағы арың мен тазалығыңды ақтап бере ала ма?
Меніңше, кез келгеніміз қазіргі айтып жүргеніміздей елді шулатып рейтинг жинағанша, сауап жинауды ойлағанымыз абзал сияқты. Біздің жақсылыққа қызмет еткеніміз де, жамандыққа құл болғанымыз да Алланың алдында, амал кітабымызда рейтингке ұқсап жазылып жатады.
Ал өзі жақсы адам қайткенде де жамандыққа қызмет етпейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + three =