Реформалар тоқтамауы керек

0 18

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында өз таңдауын жасады.

Президент қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін ұйымдастырылған брифингте Парламент сайлауы әрбір елдің өміріндегі аса маңызды оқиға екенін атап өтті. «Бұл сайлау мемлекетіміздің одан әрі дамуына серпін береді. Жалпы біздің Парламентке неғұрлым көп партия кірсе, еліміздің болашағы үшін де соғұрлым жақсы болады. Сондықтан сайлау әділ өтеді деп сенемін. Парламенттің негізгі міндеті – сапалы заңдар қабылдау. Қазақстанға сапалы заңнама жүйесі қажет. Сол себепті бәріміз осы мүмкіндікті пайдаланып дауыс беруіміз керек» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
БАҚ өкілдерін Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудан не күтетіні, қандай үміт артатыны қызықтыр­ды. «Бұл сайлау еліміздегі демократияны дамытуға жасалған тағы бір қадам болуы керек. Әр сайлау – азаматтық қоғамның ілгерілегенін көрсететін сынақ. Біздің Парламентімізде әртүрлі партиялар болатынына үлкен үміт артамын» деді Мемлекет басшысы.
Брифинг барысында Мемлекет басшысы реформалардың кезекті пакеті әзірленіп жатқанын айтты. «Реформалар дайындалып жатыр. Ол тоқтамауы керек. 15 қаңтарда Парламентте депутаттардың жаңа құрамының алдында сөйлеймін. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында алдағы реформалар жайы жан-жақты талқыланады» деді Президент.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + one =