«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Референдумда дауыс беру – «Жаңа Қазақстанға» дауыс беру

0 10

2022 жылғы 29 сәуірде Қазақ­стан халқы ассамблеясының ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Президентіміз атап өткендей, бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту әрбір азамат елдің демократияландыру және «Жаңа Қазақстанды» құру бағытын нығайту үшін ел тағдырын шешуге тікелей қатыса алады.

Азамат Айтхожин

Конституциялық реформа – еліміздің дамудың жаңа жолын таңдағанының көрінісі. Тарихқа көз жүгіртсек, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі – әлемде бар үрдіс. Алысқа бармай-ақ, көршілес елдердің жақын тарихына назар аударсақ, мұндай саяси процестер 4-5 жылдың ішінде өткенін көреміз. Сол себепті 27 жылдан кейін өткізілгелі отырған референдумға үрке қараудың еш қажеті жоқ. Тиісінше, бұл қадам Конституциямызда айқындалған әр азаматтың конституциялық құқығын қолдануына мүмкіндік беріп, елдегі өзгерістерді өз таңдауына қалдырып отыр.

Конституциямыздың 33 бабына өзгеріс енгізілмекші, соның нәтижесінде саяси реформалар тереңдеп, ел дамуының жаңа бағыты айқындала түспек. Атап айтқанда, Қазақстанның суперпрезиденттік басқару нысанынан Парламентті күшейтуге көшуі, Президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік лауазымдарға орналасуға тыйым салуы, Қазақстан халқына жер мен оның жер қой­науын бекітіп беруі, азаматтардың конституциялық сотқа өз бетінше жүгіну мүмкіндігі, өлім жазасын жою, аралас сайлау жүйесі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттық корпусын қалыптастыру, Сенатта президенттік квотаны қысқарту, Парламент Мәжілісіндегі ҚХА квотасын жою, Парламент өкілеттігін кеңейту және басқа өзгерістер енгізілмек.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай: «Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Ата Заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс».

Дәл осы себепті әділдік пен теңдік – «Жаңа Қазақстан» мен «екінші республиканың» негізгі бағдарламасы, мақсаты. Жолдаудың өзінде Конституцияның үстемдігі идеясына, оның қағидаттарын қорғау мен қатаң сақтауға, адам мен азамат құқықтарының басымдығына назар аударды. Конституцияға өзгерістер енгізу бүгінде уақытылы әрі өзекті. Жақында шындыққа айналатын және референдумда дауыс беру арқылы ұсынылған конституциялық өзгерістер саяси-құқықтық кеңістікті түбегейлі өзгертіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау­дың тиімділігін күшейтуге тиіс.

Қазақстан Конституциясы – ұлттық саяси-құқықтық жүйенің өзегі, елдің мемлекеттілігі мен егемендігінің құқықтық негізі, заңдылық пен құқық тәртібі, барлық заңнама, құқық қолдану практикасы, сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық қайта құру және елді дамыту процесі негізделетін іргетас. Сол себепті осы іргетасты жаңғыртатын уақыт келді. Барша қазақстандықтарды жалпыхалықтық референдумға дауыс беруге шақырамын! Әрбір өзгеріс әрбірімізден басталуға тиісті! Референдумға кәмелет жасына толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.

Азамат АЙТХОЖИН, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының

 әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

Тапсырыс беруші: «AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінің» Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы, Г.Б.Мурзахметова: Нұр-Сұлтан қ-сы, Тәуелсіздік даңғылы, 3-үй.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды