Рәміздер тарихын таныстырды

0 68

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қорларында сақталатын егеменді еліміздің басты атрибуттары – Ту, Елтаңба, Әнұранның қалыптасу тарихынан сыр шертетін құжаттар топтамасы ұсынылды.Жаңа символдарды жасауға мыңдаған қазақстандықтар қатысты. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.
Мемлекеттік туымыздың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен ­Ниязбеков.
Елтаңба авторлары – белгілі сәулетшілер ­Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Еліміздің мемлекеттік гимні егеменді Қазақстанның тарихында екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриот­тық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін бастапқы мәтінді өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнінің музыкалық авторы болып Шәмші ­Қалдаяқов, сөзін жазған авторлары болып ­Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев бекітілді. Жаңа гимн бірінші рет 2006 жылы 11 қаңтарда Президентті салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Назым БИРИМКУЛОВА,
ҚР Ұлттық архивінің қызметкері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − fifteen =