Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Рәміздер дұрыс қолданылсын

0 808

Астанада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану тәжірибесі және тарихы» тақырыбында екі күндік семинар өтті. Жиын барысында еліміздегі ресми рәміздердің қалыптасу тарихы және олардың мемлекеттік мекемелерде дұрыс қолданылу ережелері талқыланды.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшының орынбасары Қайрат Қам­баров өз баяндамасында биылдан бас­тап мем­лекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуын қадағалау Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жүктелгенін мәлімдеді. «Біз 4 аудандағы мемлекеттік мекемелердің өкілдерін ту, елтаңба және әнұранды қолдану мен орналастыру қағидаларын тағы бір мәрте еске салу үшін жинап отырмыз. Мақсатымыз – қызметкерлерге мемлекеттік рәміздерді қолдану ережелерін түсіндіру, заңның бұзылу оқиғаларының алдын алу. Консультациялық шараларды басқарма үнемі өткізіп тұрады» деді ол.
Ал тарих ғылымдарының докторы, Марат Әбсеметов гимнсіз, тусыз, елтаңбасыз ел болмайтынын тарихи дәлелдермен баяндап, қазақ жерінде өмір сүрген барлық мемлекеттік құрылымдардың өз туы болғанын айтып, рәміздер тарихына кеңінен тоқталды. «Мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдану, қастерлеу – мемлекеттік мүдде ғана емес, ел азаматының әрқайсысының намысына байланысты нәрсе. Сондықтан, оның қадір-қасиетін біз айналамыздағыларға, жас­тарға айта жүруіміз керек» деген тарихшы 1992 жылы еліміздің елтаңбасы қабылданарда қанша еңбек жасалғанын, олардың қалай іріктеліп, қандай талқылаулар болғанын баяндады. Сөз соңында алда рәміздер тарихы жайлы толыққанды зерттеу еңбектер жазылуы керек деген ойын білдірді.
Жиын барысында елорда мекемелерінің өкілдеріне мемлекеттік рәміздерді пай­да­ланудың қағидалары түсін­дірілді.

Нәзира БАЙЫРБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды