ҚЫЗЫҚТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0 170

№48 мектеп-лицейде белгілі қаламгер Әкім Ысқақпен кездесу өтті.

Оқушылар «Адам іздеп жүр­мін», «Жүректегі жазулар», «Махаббат хаттары» кітап­та­рынан үзінділер оқып, көкей­ле­ріндегі сұрақтарына жауап алып, толғаныстарымен бөлісті. Жас ақын Еңлік Айымғазы ақынға жыр шумақ­тарын оқып, көпшілікті өнерімен тәнті етті. Кеш соңында тәжірибелі ұстаз, шебер ұйымдастырушы Назым Ділтайқызы аузы дуалы ақыннан мектеп түлектеріне ақ батасын алды. Адам бойын­­дағы ізгі қасиеттердің құдірет­ті­лігін жырлаушы ақын мектеп ұжымына ризашылығын біл­діріп, бірнеше кітабын сыйға тартты.

Ләззат ІЛИЯСОВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − four =