ҚЫЗЫЛОРДА – КҮРІШІН, ҚЫЗЫЛЖАР – ҚЫМЫЗЫН…

0 223

preview-image

Бүгін Астана қаласы әкімдігі алдындағы алаңда таңертеңгі сағат 10.00-ден бастап Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары агроөнеркәсіп қызметкерлерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақтар тауар өндірушілері ұсынған өнімдердің бағасы базар  нарығынан 15-20 %  арзан болмақ.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданы мен Петропавл қаласының өкілдері жәр­меңкеде 760 тонна ауыл шаруашылық өнімнің 100 түрін, соның ішінде, 400 тонна көкөніс, 60 тонна ет, 15 тонна шұжық өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 20 тонна ұн, 10 тонна макарон өнімі, 15 тонна бал мен омарташылық өнімдер, 15 тонна балық пен 220 тонна басқа да азық-түлік өнімдерін сатады.

Қызылорда облысынан жәрмеңкеге 7 аудан мен Қызылорда қаласының кәсіпкерлері қатысады. Жалпы, 414 тонна өнім, соның ішінде 140 тонна көкөніс, 95 тонна күріш, 91 тонна бақша дақылдары, 25 тонна балық, 20,2 тонна ет пен 41 тонна басқа да өнімдер шығарылады.

Барлығы аталған өңірлерден Астанаға 1100 тоннадан астам түрлі өнім жеткізіледі.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде қолөнер бұйымдары сатылып, облыстың шығармашылық ұжымдары концерт қояды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × one =