ҚЫЗЫҒЫ КӨП «ҚЫС ӨРНЕГІ»

0 100

erm_3712-asli

Бүгін Есіл өзенінің арнасында спорт қалашығы бой көтереді. Он жетінші рет салта-нат құратын «Қыс өрнегі» фестивалінде 3 мыңға жуық адам сайысқа түспек.

Қысқы спорт маусымын қорытын­ды­лайтын аталмыш думанды шара «ЕХРО-2017» көрмесіне арналып отыр. Қалашық Қабанбай батыр даңғылынан елордалық саябақтың жаяу жүргіншілер көпіріне дейінгі Есіл өзенінің арнасында құрылды.
Фестивальге қызығушылық танытып келген астаналықтарды тіркеу таңғы сағат 9.00-ден басталады. Жиналған қауым спорттың 10 түрі бойынша бақ сынамақ. Оның ең бастысы – қашықтығы 2 шақырымға созылатын дәстүрлі жаппай жарыс. Бұдан соң шаңғышылар жасына, жынысына, салмағына қарай бөлініп жарысады. Мәселен, күштік құрылымдардың жігіттері 3 шақырымға жарысса, қыздары 1 шақырымды бағындырмақ. Одан кейін 10-11 жасар және 12-13 жасар ұлдар мен қыздар 1 шақырымды еңсереді. Жасөспірімдер мен жасы 18-ден асқан жастардың және 40 пен 50 жас аралығындағы азаматтардың межесі – 3 шақырым. Ал 60-тан асып кеткен ардагер аға-апаларымыз 1 шақырымға жарысады.
Сонымен қатар, бұл маңайға табан тіреген ағайын хоккей ойнап, қар үстінде доп теуіп, арқан тартып, кір тасын көтеріп, белдесіп бақ сынайды. Оған қоса, мұз ойып балық аулайтындарға да арнайы жүлде тағайындалған. Алып жарыс алаңына айналатын мұз үстінде мотокросс жарысы да ұйымдастырылады.
Үрдіске айналған шараның қатысушылары жылдан-жылға көбейіп келеді. Былтыр осындай думанға 2700 адам қатысқан еді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 4 =