Қытай делегациясымен кездесті

0 148

Кеше Астана қаласының әкімі, «Нұр Отан» халықтық – демократиялық  партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы  Иманғали Тасмағамбетов  Қытай коммунистік партиясының делегациясымен кездесті. 

Көрші ел делегациясын Қытай коммунистік партиясының бюро мүшесі, ҚКП ОК Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Чжао Лэцзи бастап келді.
Қалалық партия филиалының ғимаратында болған басқосуда партияаралық әріптестік мәселелер талқыланды. Қала басшысы Қытай мен Қазақстанның дәстүрлі ынтымақтастығын ерекше атап өтті. Бүгінде екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгені белгілі. Өз сөзінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов келген қонақтарға партияның қызметі, екі ел партияларының ортақ ұқсастықтары және елорданың даму қарқынына тоқталды. «Бүгінде елімізде Қытайдың бірнеше кәсіпорындары жұмыс істейді. Екі ел арасындағы сауда-саттық, тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты. Қос ел партияларының ынтымақтастығын одан әрі нығайту және тереңдету екі ел арасындағы тату көршілік байланысты дамытуда маңызды рөл атқарады» деді Иманғали Нұрғалиұлы.

Сонымен қатар, Астана қаласына ресми сапармен келген қонақтар Президент Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовпен, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен және Назарбаев университетінде оқитын жастармен кездескен.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 3 =