Қысты шығарып салды

0 93

«Жастар» сарайы алаңында славян­ халқының ұлттық мерекесі «Масленица­ға» арналған іс-шара өтті. Оған елор­да­­да­­ғы ұлттық мәдени орталықтар мен қо­­ғамдық бірлестіктер де өз үлестерін қосты. 

«Бірнеше жылда алғаш рет мере­кені кең көлемде, ашық алаңда атап өту­­деміз. Бұл күні әр славян отбасын­­да дәмді тағамдар дайындалып, бір-бі­­рінің үйіне қонаққа барады. Ал, дүй­­сенбіден бастап ауыз бекітеді. Бұл да болса еліміздегі ұлтаралық та­­ту­­лықтың белгісі деп білемін», – дейді казактардың жексенбілік мек­­тебінің көркемдік жетекшісі На­­талья Иванова. «Масленица» – сла­­вян халықтарының ертеден ке­­ле жатқан қысты шығарып салып, көк­­темді қарсы алу мерекесі. Ол жеті күнге созылады. Славяндар осы жеті күн­­нің әр күнін түрліше тойлап өткізеді. Бұл мереке кезінде дәмді құймақтар пісіріліп, көршілер бір-бірін қонаққа шақырады.  Көңілді ән айтылып, би биленіп, барлығы шат-шадыман болады. Өйткені, славяндар «масленицаны» қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай жүресің деген ұстанымды ұстайды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 4 =