ҚЫСТАН ҚЫСЫЛМАЙТЫН ҚАЛА

0 85

Сейсенбi күнi елорда әкiмдiгiнде өткен кеңесте қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов 2011-2012 жылғы жылу беру маусымының қорытындысын шығарды.
«Бұл қыс алдыңғы жылдарға қарағанда едәуiр қатты болды. Соған қарамастан тиiстi құры­лым басшылары мен ондағы қызметкерлердiң кәсiби бiлiк­тiлiктерiнiң арқасында жылу беру маусымында еш кедергi болған жоқ», – дей келе, Аста­на әкiмi алдымен жылу беру мау­сымына тыңғылықты дайын­далып, оны жоғары дең­гейде өт­керген әрiптестерiне риза­шылығын бiлдiрдi. Бұл ретте тұты­нушыларға электр энер­гия­сын жеткiзудiң, жылу, ыс­тық және суық су берудiң тех­нологиялық өлшемдерi сақ­та­лып, жылу орталықта­ры­ның, электр желiсi нысандары­ның, қаланы сумен және ор­та­лық­танған газбен қамта­масыз ету жүйелерiнiң жұмы­сында iркi­лiстерге жол берiл­меген екен. Ең бастысы, 189 күнге созыл­ған жылу беру мау­сымында Ел­басы қала алдына қойған стра­тегиялық мiндеттердi ше­шу­ге ерекше көңiл аударыл­ған.
Кеңесте жылу беру маусы­мын өткiзу жөнiндегi қалалық штабтың жетекшiсi, Астана әкi­мiнiң орынбасары Василий Крылов баяндама жасады. Оның мәлiмдеуiнше, осы мер­зiм аралығында қалалық штаб мүшелерi апта сайын бас қо­сып, халыққа көмiр жеткiзу мен газгольдерлердi толтыру­дан бастап ЖЭО-ның техноло­гиялық және техникалық жұ­мыс ерекшелiктерiне дейiнгi сан алуан мәселелердi шұғыл түрде шешiп отырған.
Қыстың қатты болғаны қа­ла­лықтарға аян. Оны өткен жылу беру маусымында елор­даның энергия көздерiнде 1 948 мың тонна, яғни 29 969 вагон көмiр мен 27 996 тонна (466 цистерна!) мазут жұмсал­ғанынан-ақ аңғару қиын емес. Энергокөздерден 1 197 млн кВт/сағ. электр энергиясы және 4 млн154 мың Г/кал жылу энергиясы жiберiлген. Бұл өткен жылғы көрсет­кiш­термен салыстырғанда 7,5 пайызға жоғары.
Қаланы газбен қамту мәсе­лесi де үнемi штабтың бақы­лауында болды. Өткен жылу беру маусымында 3 358 тонна немесе 146 цистерна сұйы­тыл­ған көмiрсутегi газы толты­рыл­ғанын, ал «Астана Газ Қыз­­мет» ЖШС-нiң 342 топ­тық резервуар құрылғыларына қызмет көрсететiнiн, сондай-ақ 1215 көппәтерлi тұрғын үйдi, яғни 68 703 тұтынушыны газбен қамтамасыз ететiнiн ескерткен штаб жетекшiсi су колонкаларын оңтайландыру бойынша жүргiзiлген жұмыс­тарға жеке-жеке тоқталып өт­тi. Мәселен, олардың 223-i алы­­нып тасталып, суды тиiмсiз пайдалану фактiлерi азайған. Кәрiз коллекторларының жұ­мысын жақсартып, өткiзу мүм­кiндiгiн қайта қалпына келтiру мақсатында ай сайын магистральды коллекторларға гидродинамикалық тазартылу жасалынып отырған.
Атқарылған шаруалардың арқасында Астана қыстан қы­­сыл­май шықты. Дегенмен: «Алдымызда үлкен мiндет тұр. Келер жылу маусымын өтке­руде жөндеу жұмыстарын бiр­лесе өткiзумiз қажет», – дедi әкiм. Қаладағы барлық идара­лар мен қызмет көрсету сала­ла­рының, ПИК-тердiң қаты­суымен үйлесiмдi жұмыстар атқаруды талап ете отырып, Астана басшысы дебиторлық берешектi қысқарту қажет­тiгiн де ескерттi.
«Бiздегi дебиторлық бере­шек –  1 млрд 900 млн теңге. Оның негiзгiсi жылудан келе­дi. Сондықтан, бiз жөндеу жұ­мыстарын қайта инвестиция­лай­тын болсақ, онда дебитор­лық берешек бойын­ша барын­ша нәтижелi жұмыс iстеуiмiз керек. Сол үшiн де, күзгi-қыс­қы жылу кезеңiне дайындық пен оның сапасына қатысты мәселелердiң iшiндегi маңыз­дыларының бiрi – осы деби­торлық берешектi азайту. Бұл ерекше бақылауда болады» дедi қала басшысы.
Сондай-ақ, әкiм қала тұр­ғын­дарының өмiрiндегi Тұр­ғын үй инспекциясының ма­ңыз­дылығына ерекше тоқ­тал­ды. Ол үкiметтiң жаңа заң шы­ғаруға шешiм қабылдағанын, соған сәйкес жергiлiктi атқа­рушы билiк жанынан Тұрғын үй инспекциясының басқар­масы құрылатындығын да айтып өттi.
Өткен маусымда қала тұр­ғындарынан темпе­ратуралық көрсеткiштер деңгейiнiң тө­мендiгi, сумен жабдықтаудағы iркiлiстер, кәрiз жұмыс­та­рын­дағы қолайсыздықтар және т.б. мәселелер жөнiнде 863 шағым келiп түскен. Мұның басым бөлiгi жаңадан пайдала­нуға берiлген әлеу­меттiк және тұрғын үй нысандарының құ­рылысы кезiнде жiберiлген кемшiлiктерге байланысты орын алған. Осыған орай, елор­да әкiмi өзiнiң орынбасар­ларына және прокуратураға нақты мiндеттер жүктедi. Ал, қаланың барлық коммунал­дық қызметтерi мен энергети­калық кешен кәсiпорын­да­ры­на келер қыстың қамына қа­зiр­ден бастап кiрiсе берудi тап­сырған И.Тасмағамбетов жи­налысты қорытындылай келе, барша астаналықтарды сүйiктi қаламыздың таза да жайлы болуы мақсатында  21 сәуiр күнi Астанада өтетiн жалпы­қалалық сен­бi­лiкке белсендi түрде қатысуға шақырды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =