Қыстан қаймықпайды

0 136

Кеше Алматы ауданының 2013-2014 жылдарғы жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды.Онда баяндама жасаған аудан әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орыӘлихан Қуат­беков көппәтерлі тұрғын үй­лерді күрделі жөндеуден өт­кізу кезінде инженерлік желі­лер­дің то­­лы­­ғымен ауыс­ты­рыл­ғандығын мәлім етті. «Мысалы, 122 жертөлеге жы­луға кететін шығындарды біраз тө­мен­детуге мүмкіндік беретін жы­лыту пункт­тері және 68 үйге электро­жаб­дықтау құрылымдары орна­тылып, 50 үйдің шатырлары күр­делі жөн­деуден өткізілді. Сондай-ақ, 53 үй­дің кәріз жүйесі қал­пына кел­ті­ріліп, 39-ының жылу құ­быр­ла­ры ауыс-тырылды» дейді Әлихан Жұ­­ма­ханұлы. Дерегіне ден қой­сақ, Про­­мышленный, Интернациональ­ный, Железнодорожный, Мичурин кент­теріндегі тұрғын үй­лер­ге жүргізілген қосымша дайын­дық жұмыстары да аяқталған кө­рінеді. Бұл аудан бойынша биылғы жылу беру маусымына 59 білім беру, 16 денсаулық сақтау және 4 мәдени нысан толығымен дайын. Қалған 224 үйдің де коммуналдық қажеттіліктерін жуық арада қамта­ма­сыз ету қарастырылған.
Аудан көлеміндегі 1012 көпқа­батты тұрғын үйдің 84-і апатты жағдайда тұр. Әсіресе, Сембинов, Кенесары, Абай көшелеріндегі екі қабатты ескі үйлердің кезекті қыстың қаһарына тағы да төтеп беруі тиіс-ақ.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 7 =