Қысқы спорт маусымы басталды

0 139

Елордалықтар үшін қысқы спорт маусымы шаңғы жарыстарымен басталды.

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқарма­сының ұйымдастыруымен өткен бұқаралық жарысқа кәсіби спорт­шылармен қатар әуесқой шаң­ғы­шылар да шықты. Жарыс шы­мылдығын бірінші болып мектеп оқушылары ашты. Бір және үш шақырымдық жарыстарда жас шамаларына қарай №56 орта мектеп оқушысы Ерсұлтан Талипхан, №31 орта мектеп оқушысы Рүстем Аманжолов, №5 орта мектеп оқушысы Илья Михацев, спорттық бағдарлау федерациясының өкілі Гүзел Нұрманова және №4 спорт мектебінің тәрбиеленушісі Айшанбек Ибраев жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ал кәсіпқой спортшылар арасында Василий Кучин мен Галина Корнилова топ жарды. Күш құрылымдары арасындағы бәсекеде Респуб­ликалық Ұлан сарбаздары алдарына жан салмады.

Астанада қысқы спорт маусымы басталып та фкетті. Алда әуесқойлар арасындағы хоккей, коньки жарыстары, сонымен қатар, дәстүрлі «Бұрқасын» спорт фестивалі және басқа да бұқаралық сайыстар күтіп тұр.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 3 =