Қысқы сенбіліктің қызуы

0 117

Демалыс күндері астаналық студенттер қаланы қардан тазалау жұмыстарына кірісті. Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен  Есіл ауданына қарасты Ильинка елді мекенінде көктемде болатын су тасқынының алдын алу үшін қалалық сенбілік өтті. Игі шараға бес жүзге жуық азамат қатысты. 

«Бұл сенбілікті қала жас­­­та­­ры­­ның­ ха­лық­ара­лық ЭКСПО-2017 көрмесіне қос­­қан­ өз­ін­дік­ үле­сі­ десе де болады. Өйткені, шараға жи­­нал­ған­ жас­­тар­­ ба­ла­ма­лы­ эн­­ер­­гия­­ көз­­де­­рін­­ тиімді пай­­­да­­­ла­­­ну­­­ – ең­ ал­ды­мен­ та­би­ғат­­ты қорғау, қор­ша­ған­­ ор­та­ға­ деген көзқарасты өз­гертуден бас­т­а­ла­ды деп­ отыр.­ Са­ры­ар­қа­ның­ са­мал­­ же­лі­ мен­­ Ес­іл­дің суын ба­­ла­ма­лы­ негізде энергия кө­зі­ ре­­тін­­де­ пай­да­ланудан ұт­па­сақ,­ ұтылмасымыз анық. Алдағы уа­қыт­та мұн­дай­ іс­-ша­ра­лар­ды жиі­ өт­кі­зу­­ді­ мақ­­­­сат­­ ете­міз»­­ дейді Ас­та­на­­­ қа­ла­сы­ Жас­тар­­ сая­са­ты мә­­­се­ле­ле­­рі­­ бас­­­қар­­­ма­­­сы­­­ның бас­­ты­­ғы­ Тал­ғат Рах­­­­ман­­­бер­­ді.­

Сонымен, бұл сенбілікте ар­нау­лы техниканың көме­гі­мен 553 рейс жасалып, 5340 текше метр қар қала сыр­­тына шығарылды.

Гүлмира Аймағанбет

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × five =