«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қысқы маусымға сақадай сай

0 172

Бас қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашы­лығы алда тұрған жылу маусымына толық дайындығын жария етті.

Астана қаласы Энергетика басқарма­сының мәліметінше, «Астана-Энергия» АҚ негізгі және қосымша жабдықтарын жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес атқарылды. Жалпы энергия көздерінің дайындығы 93,2 пайызды құрайды, оның ішінде ЖЭО-1 – 91 пайыз, ЖЭО-2 – 88,6 пайыз, аудандық қазандық бойынша 100 пайыз күйінде қысқа дайын отыр. Қыста жағылатын көмірдің қоры да жеткілікті, оның көлемі 335187 тоннаны құрайды. Атап айтқанда, ЖЭО-1 – 36992 тонна және ЖЭО-2 – 298195 тонна. Мазуттың қоры 5903 тоннаны құрайды, оның ішінде ЖЭО-1 – 3203 тонна және ЖЭО-2 – 2700 тонна көмір түсірді.
«Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамы да жылыту маусымына жалпы дайындығы ойдағыдай екенін жария етті. Бүгінгі күнде шаруаның 80,8 пайызы дайын болды. Ал «Астана-РЭК» электрмен жабдықтау желісінің жұмысы 91,6 пайызға, «Астана су арнасы» МКК желісі 93 пайызға бітіп тұр.
Үстіміздегі жылдың 3 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша елорданың тұрғын үй қорының мау­сымға дайындығы 97 пайызды құрап, бүгінге дейін 2414 үйдің 2359-ы маусымға дайын. Жылыту маусымына 36 денсаулық сақтау нысанының 34-і, 168 білім беру мекемесінің 167-сі және қаладағы барлық мәдени нысандар дайындығы тексерілді. Енді жылу орта тәулікпен сыртқы ауа райы температурасы +10°С және бес тәулік ішінде одан да төмендеген кезде еш кедергісіз берілетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды