ҚЫСҚЫ МАУСЫМ АШЫЛДЫ

0 112

????????????????????????????????????

Қары ерте түсетін елордада қыс басталып кеткелі қашан?! Дегенмен жылдың суық мезгілі желтоқсанда күшіне мінетіндіктен, Астанада қысқы спорт маусымы осы айдан бастап ашылды. Қыс қызығының жаршысындай болған шаралар әуелі шаңғы жарысымен басталды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жарысқа қатысуға ниетті жұрттың қатары аз болмады. Дәлірек айтсақ, фестивальге шаңғысын сүйретіп 270 шаһар тұрғыны келді.
Қысқы думанды қызықтауға бала-шағасымен жиналған астаналықтарға бұл күн отба­сылық демалыс болды. Жасы 9 жастан асқан балалар 60 метр қашықтықта жарысты. 2001-2002 жылдары туылған жет­кіншектер болса 3 және 5 шақырымға шаңғымен «шапты». Ал үлкендер жағы 10 ша­қырымды бағындырды.
Жарыс жылдағы дәстүрінен айнымай, әдеттегідей шаңғы-роллерлік трассада өтті. Аста­на­дағы Спорттық-бұқаралық шаралар өткізу дирекциясының басшысы Сайрамбай Әбіл­қа­йыровтың айтуынша, спорт­шылардың сүйікті мекеніне айналған бұл орын 1985 жылы ашылған. Жазда велосипед тебуді әуес көретіндер жиналатын бұл жолдың қыста шаңғы­шылар «шаңын» шығарады.
Жүйрік шыққан жеңімпаздар медаль тағып, дипломмен марапатталып, кубок көтерді. Мәз-мейрам боп тарқасқан ағайын келесі демалыста да осы жерден табылатындарын қуана жеткізді.

 Орынбек   ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − six =