Қысқы кросс-кантри

0 117

Астананың орталық паркінде маунтинбайктен жалғыз олимпиада ойыны кросс-кантри бойынша қала чемпионаты өтті.

Жарысқа қыстың суығы­на қарамастан №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мек­тебінің жүзден аса велосипедшісі қатыс­ты. Кросс-кантри жарысы қиылыстар мен өрде, құл­дилаулар мен тік құла­ма­ларда қатысушының жыл­дамдығы мен техникалық шеберлігі сынға түсетін велоспорттың ең бір танымал түрі болып табылады.

1999 жылы туған және одан да кі­­ші жасөспірімдер арасында жарыс жеңімпазы болып Дмитрий Лесечко (жаттықтырушысы Елькин В.Г.) танылды.

Осы жас санатындағы екінші орынды Иогана Штейн, үшінші орынды Данил Пронский (екеуінің де жат­­тық­­ты­рушысы Ри­ве В.Р.) иеленді. Ал, 1997-1998 жыл­дары туған жас­­өс­пірімдер арасында бі­рінші орынды Қайрат Қа­дыл­бек алса, одан сәл кейін қалған Максим Сат­ли­ков екінші орынға табан тіреді. Бұл екі спортшыны да Вера Риве жаттықтырады. Үшінші орын Александр Кочетков жаттықтыратын Сергей Коваленконың еншісіне тиді.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =