Қысқа мерзімді курстан өтеді

0 11

Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 2021 жылы 200 елордалықты кәсіптік білім беру, қайта даярлауды қамтитын оқытуларға жіберу жоспарланып отыр.Курстар кондитер, тігінші, наубайшы, аспаз, электромонтёр, кран машинисі, электргаздәнекерлеуші, слесарь-сантехник, шаштараз, кассир бақылаушы, тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, тігінші мамандықтары бойынша жүргізіледі. Қалалық Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды наубайшы, аспаз, шаштараз, электромонтёр, слесарь-сантехник мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстардан өтуге шақырады. Бағдарлама қатысушыларына оқу кезеңінде 21787 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді.
Сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламасына мүгедектігі бар азматтар да қатыса алады. Солардың бірі Ринат Реймер – 3-топ мүгедегі қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде «наубайшы» мамандығы бойынша оқудан өтуде. Ол оқуын аяқтағаннан кейін «Балжидек» ЖШС-ке жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − five =