ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚТА ҚАПЫ ЖОҚ

0 141

«Қыс – қыр астында». Демек, арқаны кеңге салып, бейқам отыруға болмайды. Оның үстіне, Астананың аязын бәріміз жақсы білеміз. Осы себепті қаланың қысқа дайындығы туралы «Астана Тазалық» ЖШС басшысы Әзімбек БАСҚАНБАЕВТАН сұрап білген едік.

– Қаланың қысқа әзірлігі қандай?
– Елордада қыс маусымына дайындық толық қарқынмен жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 250 қар тазалайтын техника бар. 25 қазанға дейін олардың барлығы түгел тексерістен өткізіледі. Қала көшелеріне қар көп түскен мезгілде басқа мекемелерден әмбебап машиналар тартылады. Бір ауысымда қосымша 150-200 «КамАЗ» жалданады. Қар шығаратын орындар бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Қар жинауға қала көшелерін қолмен тазалайтын 14 бригада, сыпыру техникасымен қамтылған жалпы саны 442 адам қатысады.
– Көктайғақта қандай сақтандыру шаралары қарастырылған?
– Көктайғақтан сақтану үшін алдын ала 25 мың текше метр құм-тұз қоспасы әзірленді. Жалпы, кәсіпорын 40 мың текше метр құм дайындамақ. Сондай-ақ, қыста жол тазалаушылардың күшімен жолдың шетіне жиналған қар, жаяу жүргіншілер жолындағы мұз ойылып шығарылады. Автопавильондар мен оларға жақын жатқан аумақ, тұрақтар, қасбеттің маңындағы қоқыстар жиналады. Мұз қатқан тротуарларға құм төселеді.
– Аулаларын қалың қар басқан жағдайда тұрғындар қайда хабарласа алады?
– Күндіз-түні «Астана Тазалық» мекемесінде 54-58-19, 49-67-90, 38-57-09 телефондары жұмыс істейді. Кез келген тұрғын осы нөмірлерге хабарласуына болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 3 =