Қыс қызығы – сырғанақ

0 21

Автобустамыз. «Келесі аялдама – Сығанақ» деген кондуктордың сөзін естіп, жанымда тұрған үш-төрт жасар қыз бала анасынан:
– Мама, «сырғанақ» дей ме? – деп бәрімізді ду күлдірді. Өзі шынымен сонда асығып бара жатқан секілді, қолына сырғанайтын пластик тақтайшасын ұстап алыпты.Елорданың әр бұрышында бой көтерген отызға жуық сырғанақтың қай-қайсысына барсаңыз да, құжынаған бала. Арқаның аязы мен өкпек желін елең қылар олар жоқ, ішек-сілелері қата мұз төбеден кезек-кезек құлдилайды. Қызды-қыздымен бірнеше үрмелі баллонды қатарынан жалғап, «кортеж» жасап алғандары да бар. Баллон алып үлгермегендері көп ойланып тұрмастан, қолдарындағы пакет пен сөмкелерін төсеп жіберіп, ойынға қосылуда. Қысқы каникулдың ең қызық сауығы да осы болар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды