Қыс басталды, көмір бар ма?

0 11

Қазақстанда жыл сайын бір қыста шамамен 22-23,5 миллион тонна көмір жағылады. Оның 500 мың тоннасын елорда халқы тұтынады.

Былтыр елімізде жылу беру маусымы 4 қазанда басталыпты. Бірақ күн райына байланысты ол мерзім әр өңірлерде ілгері-кейін жылжытылуы мүмкін. Ауаның орташа температурасы бес тәулік қатарынан +10 °С-тан төмен болған жағдайда Үкімет бекіткен ережеге сәйкес қаланың жылу беру жүйесін іске қосуға болады.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары биылғы қысты ерте қарсы алды. Ауа райының күрт салқындауына байланысты елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жылу берілді. Қыркүйектің 22-сі күні балабақшалар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет нысандары жылуға қосылды.
«Биыл коронавирус індетіне және тұмау мен ОРВИ маусымының басталуына байланысты сақтық шараларын жасап, Нұр-Сұлтан қаласында жылу беруді ерте қолға алдық» деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Ағымдағы жылы астана көмірмен бірге газбен де жылытыла бастады. №1, №2 жылу-электр орталықтарының бірнеше су жылытқыш қазандықтары газға көшірілді. Ал электр энергиясын өндіретін қазандықтар биыл қатты отынмен жұмыс істей береді, өйткені олардың бәрін толықтай көгілдір отынға ауыстыру қала бюджетіне қымбатқа түседі.
Бүгінде Железнодорожный, Көктал және Өндіріс тұрғын аудандарында орам­ішілік газбен жабдықтау желілерінің құрылысы толықтай аяқталды. Енді тұтынушыларды оған қосу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар қазір Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында да жүзеге асырылуда.
Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінеді, барлық тұрғын аудандар кезең-кезеңімен қосылады. Газдандыру қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, тұрғындардың денсаулы­ғына да пайдалы әсер етеді, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетеді.

Көмір сатып алуға әлеуметтік өтемақы беріледі

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеу­меттік қорғау басқармасы қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек береді. Оны жан басына шаққандағы табысы төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын, пешпен жылытатын жекеменшік немесе жалға алған үйде тұратын зейнеткерлер, мүгедектер мен мүгедек балалар және көпбалалы отбасылар ала алады.

Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде беріледі (44448 теңге). Көмір сатып алу өтемақысы бiр жекеменшiк тұрғын үй тұрғындарының тек қана бiреуiне берiледi.

Жеке сектор тұрғындары үшін көмір қаланың әртүрлі бөліктеріндегі 11 нүктеде сатылады. Отын қоймаларында жеткілікті.
Карантин шараларын сақтау мақсатында (15 қазаннан 30 сәуірге дейін) жылу беру кезеңінде әлеуметтік көмек алуға өтініш беруші электронды үкіметтің веб-порталы (egov.kz) арқылы келесі құжаттар қоса берілген өтінішпен жүгінуге болады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
3) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес
адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы
мәліметтер;
4) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер
үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі
– мүгедектер үшін;
5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама;
6) банктік шот туралы мәлімет.

Сұрақтар бойынша байланыс телефондары:

– Филаретова Инна Юрьевна, Алматы ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы –
8 702 158 08 53;
– Жанұзақова Құралай Серікқызы, Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы – 8 705 468 50 01;
– Жүндібаева Нұргүл Қасымжанқызы, Есіл ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы – 8 702 433 93 36;
– Станбаева Салтанат Дүйсенқызы, Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы – 8 702 961 09 68.

Көмір сату орындары және бағасы

А.Герцен 4/1; 40-ст.; А.Герцен 6 Б; А.Герцен 6/2; Көктал 28/1; Көктал 28/2; А.Жұбанов 35; Литейная 44; М.Дулатов 182/1, Бетон орталығы; Ж.Жабаев 68.

«Шұбаркөл» 12700-14500 тг; «Қаражыра» 12700 тг;  «Майкүбі» 11200-14000 тг; «Богатырь» 8800 тг.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 5 =