ҚЫРАНДАР КЕРДІ ҚАНАТЫН

0 98

Республикалық «Ұлы Дала қырандары» қозғалысы құрылған күннен бастап халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге ерекше көңіл бөліп келеді. 

Жуырда осы қоғамдық ұйымның ұйытқы болуымен «Астана – Көк­шетау» автожолы жиегінде бүкіл әлемде теңдесі жоқ «Ұлы Дала даңқы» мұражайының ір­гетасын қалау салтанаты өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – қасиетті қазақ Даласының бойында тұнған тағылымды тарихы мен дәстүрлеріне арналған тұңғыш мұражай. Мұнда сирек кездесетін түрлі тұрмыстық жабдықтар, әшекейлі көркем-қолданбалы өнер туындылары жинақталмақ. Екі қабатты ғима­раттың алдыңғы жағына қазақ халқы тарихи дамуына өлшеусіз үлес қосқан жеті даңқты тұлғаның ат үстіндегі асқақтаған мүсіндері орналасады. Мұражайдың төрт қапталына әйгілі батырлар қо­ныстанса, ал, ішіне еліміздің көрнекті қайраткерлерінің балауыздан жасалған бейнелері жайғасады.
Сондай-ақ, мұражайдың қасынан атақты ақын-жазушылар мен ға­лым­дардың, сондай-ақ, спорт қайраткерлерінің құрметтеріне төрт аллея қоныс тебеді. Бұл өске­лең ұр­пақты патриотизм рухында тәр­биелеуге ықпалын тигізер ке­шенді жоба болмақшы.

Міне, осындай игі іспен айшық­талған ұйымның алқалы кеңесі – ІІ съезде еліміздің барлық өңірлерінен жиналған делегаттар күн тәртібінде қаралған маңызды мәселелерді қызу талқылап, алда атқарар жұмыстар ауқымын белгіледі.

Қозғалыстың тең төрағалары – Марат Нәбиев пен Сәдібек Түгел­дің «Бірлігі мықты ел озады» тақыры­бын өзек еткен баяндамалары деле­гаттар талқысына салынып, Үндеу қабылданды. Республикалық «Ұлы Дала» қырандары қоғамдық әлеу­меттік-мәдени қозғалысы Жоғарғы кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

Исатай ҚАМБАРОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − thirteen =