Қылқаламдағы өмір өрнегі

0 26

Кеше Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан және Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан және Ресей өнер академиясының мүшесі, UNESCO, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, қазақ өнерінің жанашыры, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Бейнелеу және дизайн» факультетінің доценті Камила Жапалованың «Өмір өрнек» көрмесінің ашылу рәсімі өтті.Камила Жапалова картиналарының өзіндік сипаты мен ерекше стилі бар. Картиналардың сюжеттері әртүрлі, көбіне фольклорлық нақышта және лирикалық абстракцияда құрылған, бірақ барлығын біріктіретін элементтер – ұлттық реңк пен композицияның ішкі ырғағы.
Автор батик техникасын қолдана отырып ерекше өнер туындыларын дүниеге әкелді. Кенеп бетінде де батик дәстүрін қолданады. Камила Жапалова батик техникасында 20 жылдан астам жұмыс жасайды, бұдан ол шығармашылық ләззат алады. Батиктің алуан түрлілігі автордың шығармашылығына шексіз мүмкіндіктер бергенін мойындайды. Оның туындыларынан ыстық батиктің «кракле» сияқты дәстүрлі тәсілдерін қолданатыны, түстерді мінсіз әрі дәл таңдай білетіні байқалады. Ерекше өнерінің, табандылық пен қажырлы еңбегінің, ізденісінің арқасында бүгінде көптеген марапаттар мен атақтардың иесі. Сонымен бірге суретшінің қоржынында ұлттық киім үлгілері де бар.
Автор батик техникасын қолдана отырып ғажап өнер туындыларын дүниеге әкелді. Батикпен қатар суретшінің шығармасында кескіндемелік туындылар да бар. Автор кенеп бетінде де батик дәстүрін қолданады.
Көрмеге автордың кескіндеме және батик үлгісіндегі 100-ден астам туындысы ұсынылады және авторлық ұлттық киімдердің сән үлгісі де көрсетілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + 11 =